Өзін-өзібақылауғаарналғансұрақтар:
1. Титрлеуге қажет индикаторлар қалай таңдалады?
2. Титрлеу қисығын не үшін құрады?
3. Әлсіз қышқылды (НСN) күшті негізбен (KOH) титрлеу қисығын сызыңдар.
4. Әлсіз негізді (NH4OH) күшті қышқылмен (НСІ) титрлеу қисығын құрыңдар.
5. Көп негізді қышқылдарды титрлеу қисығын құрыңдар.
ҚЫШҚЫЛ-НЕГІЗДІК ИНДИКАТОРЛАР
Қышқыл-негіздік индикаторлар – әлсіз органикалық қышқылдар не негіздер. Олардың иондары мен молекулалары әр түрлі түсті болады (боялады).
Егер қышқыл индикаторды HInd деп, негіз индикаторды IndOH деп белгілесе: HInd,қызыл ↔ H+ + Ind-, көк – лакмус, яғни молекуласы қызыл түске, ионы көк түске боялады.
NaOH қосса, қызыл түс→ көкке ауысады, себебі Н+ ионы ОН- ионымен қосылып (NaOH молекуласынан алынған) су түзіледі де тепе-теңдік ығысады. HCl қосса, көк түс→ қызылға ауысады, НСІ-дың Н+ ионы Ind- ионымен қосылып, тепе-теңдік солға ығысады, лакмустің судағы ерітіндісі күлгін түсті (қызыл + көк).
Егер индикатордың ионы да, молекуласы да боялатын болса, ондай индикаторларды екі түсті деп атайды, ал егер не молекуласы, не ионы ғана боялатын болса, ондай индикаторлар бір түсті деп аталады.
Сонымен, индикаторлардың молекуласы мен иондарының әр түсті болғандығы, олардың түсінің ерітіндінің рН-на байланысты өзгеретіндігін түсіндіреді.
Сонымен, қышқылдық индикатор үшін HInd ↔ H+ + Ind-, негіздік индикатор үшін IndOH ↔ Ind+ + OH- тепе-тендіктерін жазуға болады. Бұл тепе-теңдіктер үшін әрекеттесуші массалар заңын қолданса,
Кдисс. = [ H+][ Ind-]/[HInd] (38), Кдисс. = [Ind+][OH- ]/[IndOH-] (39).
Қышқылдық индикаторлардың молекулалары қышқыл ортада, ал сілтілік ортада ион күйінде Ind- жүретіндіктен [Ind-] – сілтілік түрі (Сс.т), [HInd] – қышқылдық түрі (Сқ.т) деп белгілесе: Кдисс. =[ H+]∙Сс.т /Сқ.т, одан
[H+] = Кд∙Сқ.т/Сс.т; рН = рК - lgСқ.т/Сс.т; рК = - lgК – индикатор көрсеткіші.
Әр индикатор үшін рК – тұрақты шама, тек температураға байланысты ғана өзгереді. Олай болса, ерітіндінің рН-ының өзгерісі Сқ.т/Сс.т қатынасы өзгеруіне әкеледі, яғни индикатор түсі өзгереді, себебі оның молекуласы мен ионының түсі әр түрлі. Адамның көзі индикатордың түсінің өзгергенін Сқ.т мен Сс.т екеуінің концентрациялары бір-бірінен тек он есеге айырмашылығы болса ғана ажырата алады.
рН1 = рК- lg10/1 = рК-1;
рН2 = рК- lg1/10 = рК+1
Сонымен, индикатор түсі кез келген ерітіндінің рН-ның өзгерісіне байланысты өзгермейді, тек индикатордың өзгеру интервалында ғана түсін өзгертеді, яғни мынандай формула қолданылады рН = рК±1.
Мысалы, фенолфталеиннің Кдисс. = 10-9, яғни рК = 9. Олай болса, оның түсі рН = 9 + 1 не рН = 9 – 1, яғни 8-10 арасында, яғни рН = 8-10 болғанда өзгереді. Практикада индикатордың көрсеткіші - рТ деген түсінік қолданылады. Ол индикатор түсі өзгеретін интервал ортасына сәйкес келеді, мысалы ол фенолфталеин үшін рТ = 9.
Достарыңызбен бөлісу: |