Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет37/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Жоғарғы қабатта бауырлық, асқазаналдылық және шарбылық деп аталатын үш қап ажыратылады. Бауырлық қап, bursa hepatica, көкеттің астында, бауырдың оң үлесін алып жатады. Оны артқы жағынан тәждік байлам, сол жағынан орақтәрізді байлам шектейді. Бауырдың астыңғы, терең жағында экстраперитонеалды жатқан оң бүйректің жоғарғы бөлігі мен бүйрекүсті безі жатады. Асқазаналдылық қап, bursa pregastrica, көкеттің астында, бауырдың сол үлесінің үстінде, асқазан мен кіші щарбының, және көкбауырдың алдында орналасады. Оны артқы жағынан тәждік байлам, оң жағынан орақтәрізді байлам шектеп тұрады. Шарбылық қап, bursa omentalis, асқазан мен кіші шарбының артында жатады. Бұл қаптың алдыңғы қабырғасының құрамына асқазан – жиек ішек байламы да кіреді. Артқы қабырғасын: іш қолқасын, төменгі қуыс венаны, ұйқы безін және сол бүйректің жоғарғы бөлігі мен бүйрекүсті безін жауып жатқан париеталды ішастар құрайды. Жоғарғы қабырғасын: бауырдың құйрықты үлесі түзеді. Ал, көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы, және олармен тұтасып кеткен – үлкен шарбының артқы табақшасы – шарбылық қаптың төменгі қабырғасы болып табылады.
Шарбылық қаптың қуысы ішастар қуысының қалған бөлігімен шарбылық тесік, foramen epiploicum ( Винслоу тесігі ), арқылы қатынасады. Тесіктің алдыңғы қабырғасын бауыр – он екі елі ішек байламының бос жиегі, артқы қабырғасын – төменгі қуыс венаны жауып жатқан париеталды ішастар, жоғарғы қабырғасын – бауырдың құйрықты үлесі, төменгі қабырғасын – он екі елі ішектің жоғарғы бөлігі құрайды. Шарбылық қаптың бауыр – он екі елі ішек байламының артында жатқан бөлігі шарбылық қаптың кіреберісі, vestibulum bursae omentalis, аталады. Қап сол жғында көкбауыр қақпасымен шектеледі.
Ішастар қуысының ортаңғы қабаты, үлкен шарбыны көтергенде ғана көрінеді. Бұл қабаттың топографиялық ірі төрт бөлігі ажыратылады. Іш қуысының оң жақтағы бүйір қабырғасы – бір жағынан, екінші жағынан – соқыр ішек, жоғарылаған жиек ішек араларында, оң жиек ішек жанындағы жүлге, sulcus paracolicus dexter, орналасады. Бұл кеңістікті, оң бүйірлік өзек, canalis lateralis dexter, - деп те, атайды. Іш қуысының сол жақтағы бүйір қабырғасы – бір жағынан, екінші жағынан – төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек араларында, сол жиек ішек жанындағы жүлге, sulcus paracolicus sinister, орналасады. Жоғарыда аталғандай, бұл кеңістік, сол бүйірлік өзек, canalis lateralis siniter, - деп те, аталады.
Жоғарылаған жиек ішек, көлденең жиек ішек, төмендеген жиек ішек, сигматәрізді жиек ішек араларындағы кеңістік, аш ішектің шажырқайы, mesenterium, арқылы, оң және сол шажырқайлық қойнауларға бөлінеді( 256 – сурет ) .


256 – сурет. Бауырдың байламдары және ішастардың басқа қатпарлары. ( Аш ішек, көлденең жиек ішектің бір бөлігі мен үлкен шарбы алынып тасталған).
1 – бауыр; 2 – бауырдың орақтәрізді байламы; 3 – бауырдың жұмыр байламы; 4 – тәждік байлам; 5 – сол үшбұрышты байлам; 6 – асқазан – көкет байламы; 7 – асқазан; 8 – көкбауыр; 9 – бауыр – асқазан байламы; 10 – асқазан – көкбауыр байламы; 11 – бауыр – он екі елі ішек байламы; 12 – шарбылық тесіктің алдыңғы қабырғасы; 13 – көлденең жиек ішектің шажырқайы,; 14,28 – көлденең жиек ішек; 15 – Он екі елі ішектік жоғарғы ұңғыл; 16 –– төмендеген жиек ішек; 17 – Аш ішек шажырқайының түбірі көкбауыр артериясы; 18 – сигматәрізді жиек ішек. 19 - Сигмааралық ұңғыл; 20 – тік ішек; 21 - құрттәрізді өсінді; 22 - құрттәрізді өсіндінің шажырқайы; 23 - Мықын – соқыр ішектік төменгі ұңғыл; 24 - соқыр ішек; 25 – мықын ішек; 26 - Мықын – соқыр ішектік жоғарғы ұңғыл; 27 - жоғарылаған жиек ішек; 29 - оң үшбұрышты байлам; 30 - шарбылық тесік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет