Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет24/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Тоқ ішектің қабырғасы: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізі, tela subserosa, және сірлі қабықтардан, tunica serosa, құралған. Шырышты қабықта жиек ішектің жартыайтәрізді қатпарлары, plicae cemilunares coli, орналасады. Олар қампаймаларды бөліп тұрады және таспалардың арасында орналасқандықтан, үш қатар түзеді.
Шырышты қабық пен шырышасты негізінде ішек бездері, glandulae intestinales, (шырышты қабықтың эпителиінде шырыш бөлетін бокалтәрізді жасушалар орналасады) жатады. Сонымен қатар, жекеленген лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei solitarii, қан, лимфа тамырлары мен нервтер орналасады. Бүрлер мен шоғырланған лимфойдты түйіншелер (құрттәрізді өсіндіде ғана болады). тоқ ішекте болмайды. Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, екі қабаттан : сыртқы, таспалар түзетін – бойлық қабат, stratum longitudinale, және ішкі – дөңгелек қабаттан, stratum circulare, тұрады
Соқыр ішек, caecum, (грекше – typlon), мықын ішектің тоқ ішекке ашылатын тесігінен төмен, оң мықын шұңқырында орналасқан - тоқ ішектің бастапқы бөлігі ( 241 – сурет ).





241 – сурет. Соқыр ішек пен құрттәрізді өсінді.
1 – мықын-соқыр ішек тесігі; 2 – мықын-соқыр ішек қақпағы; 3 – жоғарылаған жиек ішек; 4 – мықын ішек; 5 – құрттәрізді өсіндінің тесігі; 6 – құрттәрізді өсінді; 7 –соқыр ішек.

Оның ұзындығы 6 - 10 см-ге дейін, ал диаметрі 4 - 7 см шамасында болады.
Соқыр ішек интраперитонеалды орналасқан. Оның сол жағына мықын-соқыр ішек тесігі, ostium ileocaecale, ашылады. Ол шырышты қабықтың горизонталды бағытта орналасқан екі қатпары, мықын-соқыр ішек қақпағымен, valva ileocaecalis, ( Баугини қақпағы) шектелген. Құйғыштәрізді қақпақтың тар бөлігі соқыр ішекке бағытталып астың мықын ішектен соқыр ішекке өтуін реттеп отырады. Соқыр ішектегі қысым көтерілгенде (астың қалдықтарымен жеткілікті мөлшерде толған уақытта) қақпақ жабылып, асты кері өткізбейді. Соқыр ішектің артқы-медиалды қабырғасында, мықын-соқыр ішек тесігінің төменгі жағында, құрттәрізді өсіндінің тесігі, ostium appendix vermiformis, ашылады. Құрттәрізді өсінді, appendix vermiformis,соқыр ішектің төменгі медиалды қабырғасынан шығады, оң мықын шұңқырында орналасқан. Оның көлемі тұрақсыз: ұзындығы 3-тен 20 см-ге дейін (жиі кездестін ұзындығы 7 – 10 см), диаметрі – 1 см-ге дейін болады. Аппендикстің ішастарға қатынасы – интраперитонеалды, шажырқайы бар. Оның бұлшықеттік қабаты тұтас болады. Ол әртүрлі: төмендеген, латералды, медиалды және жоғарылаған бағыттарда орналасады. Ең жиі кездесетін түрі - төмендеген бағытта орналасуы (40 - 45%), ұзын болған жағдайда, оның шеті кейде кіші жамбасқа түседі. Латералды бағытта орналасуы 20 – 25 % , медиалды орналасуы 17 – 20 %, жоғарылаған бағытта орналасуы 13 – 15 % ( шеті кейде бауырдың астында дейін жетеді) жағдайларында кездеседі. Құрттәрізді өсіндінің соқыр ішектен шығатын негізінің іштің алдыңғы қабырғасындағы проекциясын білу өте маңызды. Ол көбінесе, оң және сол жақтағы, мықындық алдыңғы жоғарғы қылқандарды қосатын сызықтың – оң жақтағы сыртқы және ортаңғы үштен бір бөліктерінің шекарасына сәйкес (Ланц нүктесі) келеді. Құрттәрізді өсіндінің шырышты қабығын иммундық жүйеге жататын көптеген шоғырланған лимфойдты түйіншелер, noduli lymphoidei aggregati, алып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет