Жүрек жеткіліксіздігінің көзге көрініп тұратын белгісі ісіну болып табылады. Жүрек ісінуінің негізгі диагностикалық белгілері болып табылатындар: а) аяқтар ісінеді; б) күннің соңына таман пайда болады, түнде жоғалып кетеді немесе азаяды; в) сипаты бойынша тығыз, аз қозғалмалы;
г) ісінген аяқ терісі көкшіл түсті және сипағанда салқын болады;
Ауыр жүрек жеткіліксіздігі кезінде қуысты ісіктер пайда болады: гидроторакс (өкпеқап қуыстарындағы транссудат); гидроперикард (перикард қуысындағы іркілген сұйықтықтың жиналуы); асцит (құрсақ қуысындағы сұйықтық). Науқастың денесінде жаппай жалпы ісіну байқалуы мүмкін (анасарка). Аяқ-қолдың жергілікті қан ағысы бұзылған кезде жергілікті ісіну байқалады (төменгі аяқ-қолдарының тромбофлебиті).