Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Өмір тарихы (anamnesis vitae)



бет170/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Өмір тарихы (anamnesis vitae)
Науқастың ауру тарихын жинаған кезінде ,осы ауруының дамуына әсер еткен себептерді анықтау қажет. Науқастың тұқым қуалаушылық ауруларын (артериалды гипертензия, миокард инфарктісі), бұрын ауырған ауруларын (әсіресе ревматизм, стрептококкты инфекция, сифилис),зиянды әдеттерін (темекі шегетін адамдар темекі шекпейтін адамдармен салыстырғанда 2-3 рет жиі миокард инфарктісімен ауырады, ішімдік ішетін адамдар атеросклероздың қауіп-қатер факторларының арасында 3-ші орын алады), науқастың өмір сүру салтын, тамақтану сипатын анықтайды.Әйелдерде-акушерлік анамнезін жинау керек.


ЖАЛПЫ ҚАРАУ
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқасты қарау оның төсектегі қалпын, бет-әлпетін тері жамылғысы мен шырышты қабатының түсін, ісінудің бар-жоқтығын анықтаудан тұрады.
Науқастың қалпы
-«Ортопноэ» айқын сол қарыншалық жеткіліксіздігі бар науқастарда болатын мәжбүрлі қалып. Науқас аяқтарын керуеттен немесе орындықтан төмен түсіріп, басын алға қарай аздап еңкейтіп және қолдарымен керуеттің жиегіне немесе жастықшаға тіреп отырады, аузы аздап ашыңқы қалыпта болады, осы қалыпта науқаста демікпе азаяды.Ортопноэ қалпында жүрекке венозды қанның келуі бәсеңдейді, кіші қан айналым шеңберіндегі іркіліс азаяды, демікпе басылады.
- Айқын тамыр жеткіліксіздігі (коллапс, шок) кезінде науқас горизонтальды қалыпта болады, басын төмен түсіріңкіреп, аяқтарын көтереді. Мұндай қалыпта бас миының қан айналысы жақсарады, бас айналуы мен әлсіздік азаяды.
- Жүрек қабының қабынуы(перикардит) кезінде науқас алға қарай еңкейіп отырады, аяқтары тізе буындарында бүгілген және кеудесіне қарай тартылған. Осы қалыпта демікпе азаяды, науқас өзін жақсы сезінеді.

Бет-әлпеті.
Неғұрлым тән белгілер:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет