Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет167/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Жүректің «шалыс» соғуы. Науқастар жүрегінің тоқтап қалғандығындай сезіміне шағымданады. Бұл шағым эмоционалдық стрессте, тиреотоксикозда, дене қызуының жоғарлауында пайда болады. Осының салдарынан көбінесе экстрасистолия болады.
Жөтел. Жөтел тыныс алу жүйесінің және жүрек –қан тамыр жүйесінің көптеген ауруларында байқалады және спецификалық емес симптом болып табылады (мысалы, жүректің митральдық ақауында және туберкулезде жөтел және қан түкіру байқалады). Жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруында жөтелдің пайда болуы кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілуіне байланысты. Қан түкіру үнемі өкпелік гипертензия мен жүректің ақауларында байқалады (митральдық ақауларда).
Аяқтың ісінуі. Жүрек жетіспеушілігінің дамуында болатын кең таралған шағымдарға жатады. Ісіктің орнын , оның пайда болу уақытын (таңертең, күннің соңында) тамақтанумен, сұйықтық қабылдаумен, физикалық жүктемемен байланыстылығын анықтау керек.
Жүрек жетіспеушілігіне жұмыс күнінің соңында немесе кешке қарай пайда болатын, әсіресе көп мөлшерде сұйықтық қабылдағанда, физикалық жүктемеден кейінгі ісік тән. Бұл оң жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігіндегі аяқта веноздық қанның іркілуіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет