Қан айналым жеткіліксіздігінің жіктелуі
І. Жүрек жеткіліксіздігі
1.Жедел (сол қарыншалық, оң қарыншалық, тотальды)
2.Созылмалы (І, ІІ А,ІІ Б, ІІІ сатысы)
ІІ.Қан тамыр жеткіліксіздігі
Жедел (талма, коллапс, шок)
Миокардтың қабынулық, дистрофиялық және дегенеративтік өзгеріс синдромы
Клиникасы:
Перикардтың зақымдану синдромы
Құрғақ перикардит синдромы-төс артында және жүрек тұсында ауырсыну және шу пайда болады.
Констриктивті перикардит синдромы-жоғары венозды қысым (мойын веналарының ісінуі, Стокса жағасы) асцит, «кішкентай» тыныш жүрек.
С ҰРАСТЫРУ
Шағымын екі үлкен топқа бөлуге болады: негізгі және қосымша.
Негізгі шағымдарына : ентігу, жүрек тұсы аймағында ауырсыну, “жүректің қатты соғуын” сезу, жөтел, ісік жатады. Артериалдық гипертензияда шүйде және төбе аймағында бас ауруы, бас айналу , құлақтың шулауы, көз алдында дақтардың пайда болуы, бұлдырауы болады.
Ентігу. Жүрек ауруларында ентігудің пайда болу механизмі сол жақ қарыншаның жетіспеушілігінен , кіші қан айналым шеңберінде қысымның көтерілуіне және қан іркілуіне байланысты көбінесе түнгі мезгілде пайда болады. Ентігудің сипаты тұрақты және (үнеміжәне физикалық күш түскенде), ұстама тәрізді (жүрек астмасы) болады. Ентігудің пайда болуында физикалық жүктеменің қарқындылығын (интенсивтілігін) анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |