Жүректі тыңдау реті және қақпақтарының тыңдау нүктелері Қос жармалы қақпақ (митральді қақапақ)- сол жақта Ү қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 1- 1,5см ішке қарай естіледі.
Аорта (қолқа) қақпағы- төстің оң жанында ІІ қабырға аралығында тыңдайды (дыбыс қан толқынымен тарап жетеді).
Өкпе артериясы қақпағын- төстің сол жақ жанында ІІ қабырға аралығында тыңдайды.
Үш жармалы қақпақты- төстің семсерше өскіні түбінің деңгейінде тыңдайды.
Боткин- эрба нүктесі- төстің сол жақ жанындағы ІІІ қабырға аралығында орналасады (аорта қақпағы)