ІІ тонның күшеюі өкпе артериясының үстінде кіші қан айналым шеңберінде қан іркілуіне байланысты дамиды (митральды қақпақтың жетіспеушілігінде, өкпе эмфиземасында,пневмосклерозда).
ІІ тонның әлсіреуінің негізгі себептері қолқа және өкпе артериясы қақпақтарының жетіспеушілігі.Аорта қақпағының жетіспеушілігінде диастола басында аортадан, аорта қақпағының жармаларына ұмтылатын қан толқының соғатын күші әлсірейді, өйткені толық жабылмаған аортаның тесігі арқылы қан қарыншаға қайтып барады.Сондықтан қан толқыны қақпақтарды дұрыс тербеліске келтіре алмайды. Соның нәтижесінде ІІ тон әлсірейді.
ІІ тонның әлсіреуіөкпе артериясы үстінде туа біткен ақауларында және өкпе артериясы саңылауының тарылуына немесе жетіспеушілігінде кездеседі.