Ангиографияның қарсы көрсетпелері: жүректің жедел және созылмалы аурулары, гипертензия, науқастың ауыр жағдайы, бүйрек, бауыр қызметтерінің бұзылуы және т.б. жағдайлар болып табылады.
Коронарография – коронарлық, яғни жүрек қан тамырларын рентгенді – контрасты зерттеу әдісі. Коронарлық артериялар жағдайын зерттеуде, коронарлық жетіспеушілікте хирургиялық іс-шаралар көрсетпелерін анықтауда және ауруға диагноз қоюда коронарография әдісі патологияның нақты суреттемесінен объективті және көрнекті мәлімет беретін жалғыз әдіс болып табылады.
Коронарлық артерияларды зерттеу үшін, жартылай селективті және селективті коронография қолданылады.