СТАНДАРТ Тамыр будаларының шектерін анықтау Ол үшін:
1. жүрек шегiн төстің екі жағында II қабырға аралығында жай перкуссиямен анықтаңыз.
2. жүрек шегін саусақтың сырткы шетімен белгілеңіз.
3. қалыпты жағдайда тамыр будалар шегінің ені = 5-6 см. Тамыр будалары шегінің кеңеюі көкірек қуысының қатерлі ісіктерінде және аортаның аневризмасында кездеседі.
СТАНДАРТ Жүрекке аускультация жүргізу техникасы Аускультация ережелері: 1. жүректі науқастың әртүрлі қалпында тыңдау керек (митральды қақпақ ақауларында шулар науқас шалқасынан жатқанда, ал аорта қақпағының ақауларында – тұрғанда немесе отырғанда жақсы естіледі);
2. аускультацияны науқас тынысты тоқтатқан кезде жүргізген жөн;
3. тікелей және тікелей емес (аспапты) аускультацияны қолдану керек;
4. аускультацияны ретін сақтап жүргізу керек;
5. науқасты тыңдайтын бөлме тыныш және жылы болуы керек.