Өңештен, асқазаннан және ішектен қан кету синдромы.Қан кетудің жедел және созылмалы түрлерін ажыратады. Организм реакциясы қан кету жылдамдығына және көлеміне тәуелді. Себептері:асқазан, өңеш, ішек жаралары, портальды гипертензия (өңештің кеңейген порто-кавальды анастомоздарынан), асқазан – ішек жолдарының ісіктері, геморрой және т.б.
Негізгі клиникалық көріністері:қан құсу (өңештен, асқазаннан қан кеткенде). Құсық түсі қан кеткен жеріне, құсу уақыты мен қан кету уакытына байланысты. Өңештен қан кеткенде түсі алқызыл, асқазаннан қан кеткенде, егер де қан кете салысымен құсса түсі алқызыл немесе қанық қызыл болады;егер қан кеткеннен уақыт өткен соң құсса, қан асқазан сөлінің әсерінен өзгеріп, түсі кофе қойыртпағына ұқсайды.
Қара түсті нәжіс-melaena. Мұндай нәжіс аш ішектің жоғарғы бөліктерінен және де асқазаннан, өңештен қан кеткенде, тек қана құсықпен шығып қоймай, жұтынуына байланысты ішекке де түседі. Қан аз кеткен жағдайда қара түсті нәжіс болмайды. Мұндай жағдайларда, нәжісті жасырын қан кетуге тексеру қажет (бензидин сынамасы).