Асқазанның моторлық функциясының бұзылу синдромы (асқазан дискинезиясы).
Екі түрі болады:
1)Асқазан қозғалысының жоғарылауы;
2)Асқазан қозғалысының төмендеуі;
Асқазан қозғалысының жоғарылауы-асқазанның органикалық ауруларында (жара, гастрит және т.б.). Асқазан тонусы жоғарылайды, бұлшық еті кенеттен күшті жиырылады (спазмы).
Шағымдары: а)эпигастрийде толғақ қысқан тәрізді ауырсынудың болуы; б)тамақтан кейін эпигастрийде салмақ басып тұрғандай сезімнің, тез тойынумен қатар жүруі;в) кекіру; г)құсу.
Қарау:эпигастрий аймағында асқазанның перистальтикасы көрінеді.
Пальпация:эпигастрий аймағында ауырсыну.
Асқазан қозғалысының төмендеуі-астениялық конституциялы адамдарда, асқазан төмен түскенде және іш қуысы ағзаларына жасалған операциялардан кейін, асқазанның көптеген органикалық ауруларында кездеседі. Дегенмен де асқазан көптеген органикалық аурулары асқазан қозғалысының төмендеуі түрінде де, жоғарылауы түрінде де болуы мүмкін.
Шағымдары:эпигастрийде тамақ ішкеннен кейін кернеу сезімі, лоқсудың болуы.
Қарау:тері асты шел май қабаты нашар дамып (көп құсудан жүдеу), асқазан перистальтикасы көзге көрініп тұрады.
Пальпация:эпигастрий аймағының ауырсынуы, шылпыл шуының болуы.
Пилоростенозда (асқазанның пилорикалық бөлігінің тарылуынан ісік салдарынан немесе тыртықтанған жарадан) дискинезияның екі түрі алмасып отырады.