Асқазан және ішек диспепсиясы синдромдары. Диспепсия –ас қорытылуының бұзылысын білдіретін термин.Диспепсияның негізгі белгісі-нәжісте толық қорытылмаған ас қалдықтарының болуы.
Асқазан диспепсия синдромы-асқазан сөлінде пепсин, тұз қышқылы жетіспеуінен және асқазандағы тамақтың ішекке тез өтуінен болады.
Шағымдары:тәбеттің төмендеуі, ауызда жағымсыз дәм, тамақтан кейін эпигастрий аймағында ауырлық, кернеп, басып тұрғандай сезімнің болуы, кекіру, лоқсу, құсу, іш өту (гастрогенді).
Ішек диспепсия синдромы-ішекте ас қорытылуының бұзылысынан дамиды. Ол ашу-көмірсулардың қорытылуы бұзылуынан және шіру-белоктардың қорытылуы бұзылуынан болады.
Ашу диспепсиясының белгілері:метеоризм, іштің шұрылдауы, шаншып ауырсыну, жел шыққаннан кейін азаяды, іш өту; нәжіс ашық түсті, сұйық, көпіршікті, жеміс-жидектердің қорытылмаған қалдықтары.Микроскопияда-крахмал көп мөлшерде (амилорея).
Шіру диспепсиясы:метеоризм, іш өту, жағымсыз йісті газ шығуы, қанық-қоңыр түсті, сасық йісті (шіруге байланысты) сұйық нәжістің болуы. Микроскопияда-көп мөлшерде қорытылмаған ет қалдықтары болады (креаторея).
Достарыңызбен бөлісу: |