Ішек ауруына байланысты шағымдар: ішек бойының ауырсынуы , іштің керілуі (метеоризм), нәжістің бұзылуы (іш өту, іш қату), кейде ішектен қан кету. Ішектің ауырсынуы , ішек мускулатурасының жедел спазмына байланысты, ащы ішек пен тоқ ішектің жедел қабыну ауруларында болады.
Сонымен қатар ішекке газ жиналуына байланысты, ішектің керілуі де ауырсынуды тудырады.
Ең алдымен ауырсынудың орнын анықтау қажет. Сигма тәрізді ішектің ауруында, ауырсыну- сол жақ мықын аймағында , соқыр ішек ауруында (аппендицитте), ішек туберкулезінде – оң жақ мықын аймағында, ащы ішек ауруында -кіндік айналасында болады.
Қан кету-үлкен дәретке отыру кезінде (дефекацияда) ішек қабырғасының қабынуына, жара болуына байланысты (он екі елі ішектің жарасы, тоқ ішектің ішек сүзегінде, дизентерияда, туберкулезде т.б. ) тік ішек ауруларына байланысты (геморрой, артқы өтіс жарығы, тік ішек және сигма тәрізді ішектің рак ауруында) болуы мүмкін. Егер ішектің жоғары бөліктерінен қан кетсе, асқазан мен 12 елі ішектің жара ауруында нәжіс қара түске боялады(melaеna).
Іш қату –үлкен дәретке сирек отыру (аптасына 3 рет немесе одан да аз) және дәреттің қатқыл болуы. Қалыпты жағдайда үлкен дәретке отыру тәулігіне 1-2 рет болады. Тәуліктік нәжістің салмағы 100-200 г аспайды, нәжіс құрамындағы судың мөлшері 60-80 % болады.Қатпада ішекті босатуға барынша күш жұмсайды және ішек толық босамайды.
Себептері:
1.нәжіс тастары
2.ішек ісіктері
3.ішек инвагинациясы, ішектің айналып кетуі,оралып қалуы
4.ішек тыртықтары, ішектің жабысуы
Іш өту (диарея)-үлкен дәретке жиі отыру ( күніне 2 реттен көп), құрамы сұйық болады. Диареяда дәреттің көлемі 200 г көп, оның құрамындағы судың мөлшері 90%-дан көп болады. Іш өту дизентерияда , тырысқақта, энтеритте, секрециясы төмен созылмалы гастритте, созылмалы панкреатитте, бауыр ауруларында, улануларда кездеседі.
Тенезм дегеніміз үлкен дәретке жиі отыру және дәрет кезінде тік ішектің, әсіресе сфинктердің түйіліп ауруын айтады. Тенезм кезінде көбіне үлкен дәретке отыру нәтижесіз болады. Тенезмдер тік ішек пен сигма тәрізді ішектің жара ауруында және қабынуында байқалады. Тенезмнің өте жиі кездесетін ауруы-дизентерия.
Достарыңызбен бөлісу: |