Ас қорыту жүйесіне байланысты қарау
a)перитонитте б) асқазанның қатерлі ісігінде
в)атрофиялық тіл
Ауыз қуысын қараған кезде ерінінің түсіне, ылғалдылығына еріннің жарылуына, бөртпелерге (ұшық),тістерінің жағдайына мән беру керек (саны, кариестің болуы, тістерінің болмауында нешеуі жоқ екендігін, сау емес, кариозды тістерді анықтау, олардың саны мен реттік нөмерін анықтау). Кариозды тістер- бұл тек ас қорыту жолдары жұқпалы ауруларының ғана негізгі көзі емес. Көптеген тістердің болмауында, науқас тамақты шайнай алмайды, оның өзі асқазан ауруларының пайда болуына алып келіп, оның ағымын нашарлатады. Қызыл иектерінің жағдайын бағалайды (кілегейінің түсін, ақ жабындыларды), науқастың тілін (биіктігі, оның түсі, ақ жамылғымен жабылған, жабылмағандығын, бүрлерінің анықтығын, ылғалдылығын, тістердің іздерін)қарайды.
Дені сау адамның тілі ылғалды, таза, ақызыл түсті, бетінде бүрлері бар. Асқазан ішек жолдарының ауруларында тілі ақ жамылғымен жабылады. Созылмалы гастритте секрециялық функциясы төмендегенде, асқазан рак ауруында “лактелген” тіл кездеседі (тіл бүрлерінің атрофиясында тегіс болады).
Асқазан жарасында, созылмалы холециститте, созылмалы гастритте науқастың тілі ақшыл-сұр жамылғымен жабылады, жедел перитонитте, жедел холециститте, бауыр циррозында-алқызыл (“малина тәрізді” ) түсті болады.
Бадамша бездерін қарау кезінде (оның биіктігі, формасын кілегейінің түсін, ақ жамылғының бар жоқтығын) бөртпелердің және оның бетінде ақ жамылғының болуын анықтайды, дем алып, дем шығарған кезінде ауыздан шығатын иісті (ас қорыту жүйесінің ауруларымен байланысты), ауыз қуысында болатын патологиялық өзгерістерге байланысты шығатын иісті, асқазандағы шіру процесін, рак ісігінің ыдырауын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |