Қыжыл (Pyrosis). Қыжыл дегеніміз өңеш бойында күшті күйдіру сезімімен жүретін науқастың төс артында болатын жағымсыз сезім. Қыжылдың себебі, асқазан құрамының өңеш бойына қайта құйылуы (гастроэзофагеальды рефлюкс). Жиі асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарылағанда кездеседі. Кейде қышқылдылығы төмен болғанда да кездесуі мүмкін. Сонымен қатар кардиальды сфинктердің жетіспеушілігіде қыжылдың себебі болып табылады. Осының нәтижесінде науқас еңкейгенде , горизонтальды қалпында асқазан құрамы өңешке құйылады. Асқазан сөліндегі қышқыл өңештің кілегей қабатын тітіркендіріп, күйдіру сезімін тудырады.
Ауырсыну болған жағдайда локализациясын (орнын) , иррадиациясын (таралуын), ауырсынудың сипатын, пайда болуына алып келген жағдайларды (тамақ қабылдау уақытын , тамақтың құрамын) анықтау қажет.
Ауырсынудың пайда болу уақытына байланысты жіктелісі:
“Ерте пайда болатын ауырсыну” – тамақ ішкеннен кейін 10-30 мин ішінде пайда болады. Асқазан ойық жарасында кездеседі.
“Кеш пайда болатын ауырсыну” – тамақтан 1-2 сағаттан кейін пайда болады.
“Аш қарынға ауырысыну”
“Түнгі ауырсыну” - 12 елі ішектің ойық жарасында пайда болады.
Ауырсынудың немен басылатынын анықтаудың мәні зор.Мысалы, асқазан ауруларында тамақ ішкеннен кейін , құсқаннан кейін, сода ерітіндісін ішкеннен кейін басылады.
Кекірік- асқазан құрамының кенеттен ауызға келуі. Кекірік тамақпен (reguritatio), ауамен(eructatio) кекіру болып бөлінеді.
Ауамен кекіру ауаны көп мөлшерде жұтқаннан (аэрофагия) болуы мүмкін. Тамақ ішкен кезде, сұйықтық ішкенде ауаны жұту қалыпты жағдай болып табылады. . Ауа өңеш сфинктері босаңсыған кезде сыртқа шығады. Науқасқа мазасыздық тудыратын жағдайда ғана кекіру бұзылысқа жатады. Шамадан тыс кекіру гастроэзофагеальды рефлюкс кезінде кездеседі. Сонымен қатар ауамен кекіру асқазанда газ жиналуына да байланысты.