Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет230/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Пальпацияның ережелері
1) Қолды қою: саусақтарды сәл бүге отырып, зерттелетін ағзаның топографиясын біліп, оған параллель орналастыру қажет.
2) Тері қатпарын жасау.
3) Демді шығарғанда қол саусақтарын құрсақ қуысына сәл енгізу.
4) Пальпацияның өзі: саусақ ұштарымен іштің артқы қабырғасы бойынша жылжытады. Методикалық терең жылжымалы пальпацияда құрсақ қуысындағы ағзалардың орнын, көлемін, консистенциясын, ауырсынуды анықтаймыз.


Сигма тәрізді ішектің пальпациясы
Сигма тәрізді ішек сол жақ мықын аймағында орналасқан. Қиғаш бағытта: солдан оңға және жоғарыдан төмен. Пальпация жүргізу үшін науқас арқасымен жатып, аузымен дем алады. Қолдары кеуде қуысында созылыңқы, іштің бұлшықеттері босаңсыған. Науқас асқазан-ішек жолдарына жасалатын пальпацияның барлығында осы қалыпта жатады. Медицина қызметкері науқастың оң жағында науқастың бетіне қарап отырады.
Оң қолдың II-V саусақтары ілмек тәрізді бүгілген қалыпта болады. Қол саусақтарының сыртқы беті кіндікке қарай бағытталуы керек. Алдымен тері қатпарын жасап, содан соң науқасқа ішпен дем алып, дем шығаруын сұрау керек. Құрсақ қуысы босаңсыған кезде саусақты терең енгізеді. Құрсақтың артқы қабырғасына саусақ ұштары сырғып өтетіндей жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет