Саусақты терең енгізу. Құрсақ бұлшық еттері босаңсығанда, тері қатпары қалыптасқан тұста жүргізіледі. Дем шығарудың соңында құрсақ қабырғасының артқы қабырғасында саусақ терең және жылжымалы түрде мықын сүйегі қырына бағытталып енгізіледі.
Саусақтармен жылжымалы пальпация жасау арқылы ішектің диаметрін, консистенциясын, қозғалмалығын, ауырсынуды, шұрылын анықтайды. 2-ші әдісінде саусақ алақан жағымен кіндікке бағытталады.
Дем алғанда кіндікке бағыттап тері қатпары жасалады. Дем шығарған кезде саусақтар құрсақтың артқы қабырғасына жанасатындай жылжымалы түрде мықын сүйегі қырына бағытталады, сигма тәрізді ішекті сипап өтеді. Дені сау адамдарда сигма тәрізді ішек ауырсынусыз, тығыз, тегіс цилиндрлі, ені 2-3 см, саусаққа шұрыл сезіледі, қозғалысы пассивті 3-4 см аралығында.
Сигма тәрізді ішекті екі тәсіл бойынша пальпациялау
Достарыңызбен бөлісу: |