Соқыр ішек пальпациясы Мықын ішектің терминалды бөлігінің пальпациясы Мықын ішектің терминалды бөлігі оң жақта мықын аймағында орналасқан және ішкі жағынан 45˚бұрыш жасап соқыр ішекке қарай орналасады.Пальпация жасайтын оң қолды ішке алақан жағымен қояды және саусақтар ішектің проекциясымен сәйкес келуі керек. Білезікті кіндікке қарай бағыттап, саусақ ұштарымен тері қатпарын жасайды.Содан соң науқастан демін шығаруын сұрайды. Құрсақ қабырғасы босаңсыған кезде , саусақ ұштарын құрсақтың артқы қабырғасына жанасқанша жылжымалы түрде енгізе береді.Терең жылжымалы пальпацияда оның диаметрін, консистенциясын, беткейін, қозғалғыштығын, ауырсынуды, шұрыл бар немесе жоқтығын анықтайды. Мықын ішек 10-12 см аралығында пальпациялануы мүмкін. Егер ішек жиырылса немесе тығыз құраммен толып тұрса, пальпацияда кішкентай саусақпен бірдей тегіс, тығыз цилиндр сезіледі.Ал егер ішектің қабырғасы босаңсып,оның ішіндегі құрамы сұйық болса , пальпацияда қатты шұрылдайтын жұқа қабырғалы түтікше болып сезіледі.