Көлденең тоқ ішектің (ободок тәрізді ішектің) пальпациясы Ішекті пальпациялау бір қолмен (оң) немесе екі қолмен (сол) жүргізіледі.Пальпация жасайтын қолдың қалпы: іштің тік бұлшық етінің сыртқы қырын ала ішке көлденең орналастырылады. Бұл кезде іштің тік бұлшық етінде бірде бір саусақ тұрмауы керек.Пальпация жасайтын қолдың саусақтарын асқазанның анықталған үлкен йінінен 2 см төмен қою керек.Науқас құрсақпен демді алған кезде саусақтардың сыртқы беткейінде тері қатпары пайда болатындай етіп саусақтарды жоғары бағыттайды. Содан соң науқастан құрсақпен демді шығаруын сұрап, алдыңғы құрсақ қабырғасы босаңсыған кезде қол басы саусақтарын құрсақтың артқы қабырғасына жанасқанша құрсақ қуысына терең енгізеді.Демді шығарудың соңында саусақ ұштарымен құрсақтың артқы қабырғасымен төмен жылжыта отырып пальпациялайды, бұл кезде көлденең ободок тәрізді ішекте «валикті» айналдырған сияқты сезім болады.