Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Асқазанның үлкен йінінің пальпациясы



бет238/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Асқазанның үлкен йінінің пальпациясы
Асқазанның үлкен йінінің контуры қиғаш сызық тәрізді (бұлтиған бөлігі) төменге қарай орналасқан. Асқазанның үлкен йініне пальпация жасамас бұрын, жоғарыда көрсетілген 3 тәсілдің бірімен оның шекарасын анықтау қажет.
1) перкуторлы- пальпация әдісі
2) аускульто-пальпация әдісі
3) аускульто-аффрикция әдісі
Оң қол қиғаш бағытта, эпигастрий аймағына, ортаңғы саусақ іштің ортаңғы ақ сызығына,саусақ ұштары шамамен анықталған асқазанның үлкен йіні аймағына орналастырылады.Науқас құрсақпен демді алған кезде саусақтарды жоғары қарай,тері қатпары түзілетіндей етіп эпигастрий аймағына қарай жылжытады.Содан соң науқастан құрсақпен демін шығаруын сұрап, құрсақ қабырғасы босаңсығанда, саусақ ұштары омыртқаға жанасатындай етіп, құрсақ қуысына терең енгізеді.Терең енгізгеннен кейін саусақ ұштары омыртқамен төмен сырғып өтеді.Осы кезде баспалдақтан сырғып түскен тәрізді сезім болуы керек.Терең жылжымалы пальпация арқылы асқазанның үлкен йінінің қалыңдығын, консистенциясын, бетін, қозғалғыштығын, ауырсынуды анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет