Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың қосымша тексеру әдістері



бет241/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Ас қорыту жүйесінің аурулары бар науқастардың қосымша тексеру әдістері
Өңешті қосымша тексеру әдістері .
Өңеш ауруларын анықтауды қосымша әдістеріне эзофагоскопия, рентгенологиялық методтар және биопсия жатады.
Эзофагоскопия деп эзофагоскопты пайдаланып өңештің қабырғасын
қарауды айтады. Эзофагоскопияны аурудың түрін анықтау үшін ғана емес, ем жүргізу үшін де пайдаланады.
Эзофагоскопияны ем жүргізу мақсатында өңештен бөгде денелерді алу үшін, күйгеннен кейін өңешті кеңейту үшін, өңеш полиптерін операция жолымен алып тастау үшін, іріңдіктерді жару үшін , жараларды күйдіріп емдеу үшін қолданады.
Өңештің кілегей қабығы қалыпты жағдайда тегіс, жылтыр алқызыл түсті болады.
Биопсия- өңеш тканінің шағын тілімен гистологиялық зерттеуге алу тәсілі. Биопсия эзофагоскопия жасаған кезде іске асырылады. Ол қылтамақ жөнінде күдік туғанда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет