Асқазан-ішек жолдарының рентгенологиялық зерттеу әдістері. Рентгенді сәулелердің медицина саласында қолдануы.
Мыңдаған жылдар көлемінде дәрігерлер алдында шешілмейтін міндеттер тұрған болатын, ол адам ішіне тереңдей үңілу, тірі адам организмінің ішкі мүшелерінің танып білу болатын. Талай рет дәрігердің науқас төсегіне отырып, оның организмінде нендей өзгерістер болып жатқандығын білу, диагнозды нақты анықтау мүмкін болмайтындай үлкен бір арман болатын. Адамның ішкі мүшелерінің физиологиялық және патологиялық құрылысы мен әртүрлі аурулар жағдайындағы патологиялық өзгерістері жөніндегі мәліметтер өлген адамның мәйітін зерттеу арқылы мүмкін болатын.
Бірақ ең бастысы соғып тұрған жүрек дүрсілін, қызмет етіп жатқан асқазан-ішек жолдарын, тыныс алып жатқан өкпені және тағы басқа маңызды мүшелердің қызметін қадағалау, оны көзбен көру қажет болды. Осы қажеттілікті 1895 жылы 8-ші қарашада неміс физигі, профессор Вильгельм Конрад Рентген /27.03.1845 жыл-10.02.1923 жыл/ шешкен болатын. Ол 1865-1868 жылдары Цюрихтегі Жоғарғы техникалық мектепте оқыды. 1868жылы Цюрих университетінде докторлық дәреже алды. Вюрцбург /1870 жыл/ және Страстург /1872жыл/ университетінде неміс физигі А. Кундттың ассисенті болды. 1888-1894 жылдар аралығында Вюрцбург университетінің ректоры, 1900-1920 жылдар аралығында Мюнхен университетінде профессор қызметін атқарды.
Кристалдардың пезоэлектрлік және пироэлектрлік қасиеттерін зерттеді, кристалдардағы электрлік және оптикалық құбылыстардың арасындағы байланысты ашты, магнетизмді зерттеді. В.К. Рентгеннің мұндай классикалық зерттеулері Х.А. Лоренцтің электрондық теориясының негізінде алынды.
1985 жылы өзі «Х-сәуле» деп атаған/қазіргі Рентген сәулесі/ сәулені ашты және зат құрылымын зерттеуде маңызды роль атқарды. 1901 жылы Рентген Нобель сыйлығының лауреаты атанды.
Рентген –рентген және гамма сәулелерінің экпозициялық дозасының жүйеден тыс бірлігі. Ол сол сәулелердің ауаны иондау әсері бойынша анықталады. Бірліктің аты В.К.Рентгеннің құрметіне сәкес қойылған. Ол қысқаша р /орысша/ немесе R /халықаралық/ таңбасы арқылы белгіленеді. Халықаралық бірліктер жүйесінде экспозициялық дозаның бірлігі ретінде 1к/кг алынады. 1Р=2,57976х10-4к/кг.
Рентген сәулелері арқылы адамды зақымдамай және жарақаттамай тірі организмнің ішкі дүниесін көруге мүмкіндік береді. Рентген сәулелерінің мөлдір емес адам денесі арқылы шыныдан өткен күн сәулесі сияқты өтетін қасиеті болды. Рентген сәулелерінің көмегімен адамның кез келген мүшесінің құрылысы, қызметі жөнінен мәлімет алуға мүмкіндік туды. Сондықтан рентген сәулелері медицинада ауруларды анықтау барысында кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі кезде рентген көмегі тимейтін медицинаның бірде-бір саласы жоқ болар. Ауруханалар, емханалар рентген аппаратураларымен жабдықталған.
Медицинада қолданылған кез келген рентгенді тексеру барысында адамның денесі арқылы рентгенді сәуле ағынын жібереді. Рентген сәулелері- бұл қысқа ұзындықтағы 0,025-250 аигстрем аралығындағы электромагнитті тербелістер. Әр түрлі дененің немесе мүшенің химиялық құрамы мен әртүрлі тығыздылықта болуына байланысты рентген сәулелерін өткізуіде әр түрлі болады. Мысалы, өте жеңіл өкпе тіндері, ішектер, май тіндері, бұлшықет, бауыр сәулені аз сіңіреді, қатты тығыздылықтағы сүйек тіндері сәулені көп сіңіреді, сондықтан сәуленің өту ағынын әлсіретеді.
Рентген сәлелері адам тіндері арқылы өту барысында иондалып, зарядталған атомдарды туғызады.
Рентгенді көлеңке бейненің жарқыраған экранда пайда болуын рентгеноскопия, ал арнайы рентген пленкасында алынуын рентгенография әдістері деп атайды. Осы 2 әдіс медицинада рентгенді тексерудің негізгі әдістері болып табылады. Дене мүшелерінің тығыздығына байланысты рентген сәулесін неғұрлым көбірек сіңірсе, соғұрлым рентгенді кескін қанығырақ болады.
Рентген әдістері қазіргі уақытта әртүрлі ауруларды нақтылау барысында /мысалы өкпе туберкулезі, ісік аурулары, сүйектің сынуы, асқазан жарасы, т.б./ Контрасты затты /мысалы асқазанға барий немесе бор сұйықтығын/ жіберу арқылы да рентген әдістерін қолдануға болады.
Ең алғаш рет рентген сәулелерді Фрейнд/Вена/ емдік мақсатта әсіресе түгі бар қалдарды емдеуде табысты қолдана бастады. Рентген сәулелерін емдік мақсатта қолдану жетістігі рентгенотерапия немесе сәулелі ем деп аталатын медицинаның бір саласының дамуына ықпал етті. Кез келген мүшенің қатерлі ісік алдындағы және қатерлі ісік ауруларын рентген сәулесімен емдейді. Рентген сәулесінің биологиялық деңгейдегі мөлшері зақымдалған тіндерді қалпына келтіруге ықпал етеді, ал жоғарғы дәрежедегі мөлшерінің адамға зиян келтіруі де мүмкін.
Иондалған рентген сәулелері кез келген орналасудағы ісік қатерсіз және қатерлі ісіктерді емдеуде қолданылады. Патологиялық өзгеріске ұшыраған тіндерді қалпына келтіріп, зат алмасуды реттейді, қабыну құбылыстарын басады. Сондықтан сәулелі ем радикулит, мастит, панариций,нейродермит, экзема /есекжем/ созылмалы тонзиллит, гайморит және т.б. қабыну ауруларында кеңінен қолданылады.
Қабынуға қарсы ем 1950 жылдарға дейін кеңінен қолданылып келді, соңғы кездері көптеген антибиотикті дәрілердің шығуына байланысты аз қолданылуда. Көп жағдайда антибиотик жақпаған науқастарға қолданылады. Сәулелі ем қалқанша бездің ауруларында да қолданылады. Қатерлі ісік ауруларында өзгеріске ұшыраған ісік клеткаларын жайылдырмай, оларды бір жерге шоғырландырып, ісіктің ары қарай дамуына жол бермейді, ісік клеткаларын өлтіреді.
Сәуле емнің қолданылуы көп жағдайда 3 фактормен түсіндіріледі:
1) Патологиялық өзгеріске ұшыраған ісік жасушаларын бұзылысқа ұшыратады, яғни өлтіреді;
2) өлген тіндердің орнын басатын ісіктің айналасындағы дені сау тіндерді сақтайды.
3) Организмнің қорғаныш күшін азайтады.
Патологиялық өзгеріске ұшыраған тіндерді бұзу ионданған сәуленің тиісті мөлшерімен жүзеге асырылады. Әрбір нақты жағдайда радиолог-дәрігер сәулелі емнің белгілі бір әдісін таңдайды.