Тоқ ішекті рентгенді тексеруге науқасты дайындау Тоқ ішекті рентгенге түсіру ирригоскопия әдісімен жүргізіледі. Тоқ ішекке артқы тесік арқылы жасалатын клизма көмегімен барий сульфатының қоспасы жіберіледі. Қарсы көрсетпесі – ішектің және оның сфинктерінің ауруы болып табылады.
Дайындықтың негізгі мақсаты – тоқ ішекті қалдығынан, сұйықтықтан, газдан, шырышты толық тазарту болып табылады.
Зерттеуден 3 күн бұрын науқас рационның көмірсуларды және ірі өсімдік өзектерін /клечаткаларын/ алып тастайды. Тағам қалдығын анағұрлым аз беретін /кисель, қатық, күріш, ұнтақ ботқасы, сорпа және т.б./ жеңіл қорытылатын сұйық тамақтар тағайындалады.
Түскі астан бұрын кастор майы беріледі. Кешке қарай тоқ ішекке 2 рет арасы 1 сағаттан клизма арқылы жуылады. Науқасқа кешкі ас берілмейді.
Таңертең зерттеуден 3 сағат бұрын науқас жеңіл таңертеңгілік тамақ қабылдайды, осы арқылы ащы ішекті қалдықтарды тоқ ішекке рефлекторлық жолмен итереді.
Жеңіл тамақтан жарты сағаттан кейін – 2-ші тазалау клизмасын қояды. Тексеруден 30-40 минут бұрын жел жібергіш түтікше қойылады.
Барий қоспасы – 1литр суға 200г барий және 10г танин келетіндей есеппен дайындалады.