Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Асқорыту жолдарының рентгенологиялық зерттеу әдістері



бет250/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Асқорыту жолдарының рентгенологиялық зерттеу әдістері:
1) негізгі;
2) қосымша;
3) рентгенді-функциональдық болып бөлінеді.
Асқорыту мүшелерінің рентгенологиялық зерттеуі қарапайым және қол жетерлік классикалық әдістерін – рентгеноскопиядан рентгенографиядан тұрады.
Рентгеноскопия – зерттелетін мүшенің қызметі және оның морфологиясы жөнінен диагностикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ол шолу қараудан басталады, сосын контрасты зат қолданылады. Сондықтан рентгеноскопия рентгенографиямен қатар жүреді.
Ирригоскопия – контрасты клизма көмегімен тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеу әдісі. Ішектің морфологиялық ерекшеліктерін, атап айтқанда оның ішкі бетімен қабырғасының рельефін зерттеуге қолданылады. Ол үшін арнайы науқасты дайындайды. 2-3 күн көлемінде – қалдықсыз тағам тәртібі, ішектің кебуінде (метеоризм) – карболен тағайындалады. Ішекті тазалау клизмасының көмегімен жақсылап тазалайды. Түймедағы тұнбасы ( 2 ас қасық түймедағы +1500мл ыстық су, 3-5минут көлемінде қайнатады, суытып, сүзгіштен өткізеді, жылы күйде қолданылады) қолданған дұрыс болады.
Зерттеу жүргізерден 1 күн бұрын, кешке қарай арасы 60минуттан 2 тазалау клизмасын жүргізеді. Зерттеу жүргізілетін күні таңертең түймедағы тұнбасын тазалау клизмасын қайталайды. Зерттеу ашқарынға жүргізіледі.
Тоқ ішекті толтыру үшін майда түйіршікті әртүрлі концентрациядағы, көп жағдайда 1:2 қатынасындағы (1 бөлік – барий сульфаты, 2 бөлік су) барий сульфаты /1000-1500мл/ қолданылады.
Тоқ ішектің шырышты қабаты қыртысының рельефін жақсы анықтау үшін контрасты затқа фармакологиялық зат (анар жемісінің қабығынан дайындалған тұнбасы) қосылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет