Морфологиялық тәсілдерге:биопсия,ректороманоскопия,
колоноскопия, ренгтгенологиялық тәсілдер жатады.
Биопсияны дуоденофиброскопия кезінде жасайды.
Ректороманоскопия-арнаулы құрал ректороманоскоппен тік ішек пен сигма тәрізді ішектің кілегей қабығын қарау.
Колоноскопия-колоноскоппен тоқ ішектің барлық бөлімін қарау.
Ректороманоскопия мен колоноскопия жасауға көрсетпелер:
Себебі:
1. Белгісіз іш өту мен іш қатпасы;
2. Нәжісте себебі белгісіз кілегей не қан болу;
3. Рак жөнінде күдік туу.
Қарсы көсетпелер: 1. Қызу көтерілуі;
2. Жүрек әлсіздігінің II-III сатысы;
3. Артериалды гипертензия;
4. Перитониттер;
5. Орталық нерв жүйесінің органикалық аурулары;
6. Психоздар.
Ректороманоскопия жолымен анустан 30-35 см тереңдікті қарауға болады, колоноскопия тәсілімен тоқ ішектің барлық бөлімін қарауға болады. Қалыпты жағдайда тік ішек пен сигма тәрізді ішектің кілегей қабығы қызғылт,тегіс,жылтыраған және ылғалды болады.
Бейспецификалық жедел қабынуда тік ішек пен сигма тәрізді ішектің кілегей қабығы қызыл-қоңыр түсті күңгірт тартқан, ісінген, тамырлары кеңіген. Кілегей қабық тез жарақаттанғыш және қансырағыш болып келеді.
Созылмалы қабынуда кілегей қабықтың жылтыры кеткен, құрғақ,оның түсі ақшыл болады, тамырлары кеңіген, бетінде көп кілегей болады.
Тік ішек пен сигма тәрізді ішектің рагінде олардың қабырғасы тығыздалған, кілегей қабық беті бұдыр болады, әр жерінен қан құйылған , ішек қабырғасының толық не жартылай инфильтрациясында оның өзегі тарылған(скирр). Рактің папилома не полип тәрізде өскенінде шеттері қалыңдаған «кратер» тәрізді қансыраған жара болады.