Асқазан сөлінің қышқылдылығын оны децинормальды сілті ерітіндісімен (NaOH) титрлеу арқылы анықтайды.
Қышқылдықтың көбеюі (гиперацидитас) деп жалпы қышқылдықтың 100 титр өлшемі бірлігінен асуын айтады; қышқылдықтың азаюы(гипоцидитас) деп жалпы қышқылдықтың жоқтығы анацидитас деп аталады.
Қалыпты жағдайда асқазан сөлінде сүт қышқылы болмайды.Асқазан сөлінде сүт қышқылының болуы асқазан рагінің белгісі болып есептеледі.
Асқазан сөлін зондсыз зерттеу Асқазан сөлін зондпен алуға болмайтын жағдайда асқазанның секрециялық функциясын зонд қолданбай-ақ тексеруге болады. Зондсыз тәсілдің түрі көп. Оның ішінде көп тараған түрлеріне жататындар:
1. Салидың десмоид сынамасы.
2. Ионы алмасатын смолалар (шайыр) тәсілі.
3. Несепте уропепсиногенді анықтау.
Асқазан сөлін зондсыз тәсілдермен зерттеу дәлдігі зонд қолданатын тәсілдерден анағұрлым төмен.Бірақ зонд қолдануға болмайтын жағдайлар да оларды қолдану ыңғайлы және асқазан қышқылдығы жөніндегі жалпы мәлімет алуға мүмкіндік туғызады.