Рентгенологиялық тәсілдердің ішінде өңешті тексеру үшін рентгеноскопия және рентгенография қолданылады. Рентгенологиялық тәсілдердің күшімен қылтамақты, өңеш венасының варикозды кеңігенін, өңеш дивертикулін, эзофагоспазмды,өңештің ығысқанын анықтауға болады.
Асқазанды қосымша тексеру әдістері.
Асқазанды тексеруде қолданылатын қосымша әдістер функциялық және морфологиялық болып екі топқа бөлінеді.
Функциялық әдістер асқазанның әртүрлі функциясын тексереді:
1. асқазанның сөлін тексеру;
2. асқазанның қозғалыс функциясын тексеру;
3. асқазанның экскрециялық функциясын тексеру;
4. асқазанның сіңіру функциясын тексеру;
5. асқазанның қан жасауға қатысуын тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |