Асқазанның пилорикалық бөлігінің пальпациясы
Асқазанның пилорикалық бөлігі кіндіктен 3-4 см жоғары, іштің ортаңғы сызығының оң жағында r.mesogastrium аймағында орналасқан. Қиғаш, солға, төменнен жоғары және оңға қарай бағытталған.
Медицина қызметкері оң қол саусақтарын сол жақ қабырға доғасына іштің тік бұлшық етіне сәйкес келетіндей етіп орналастырады.Содан соң науқастан құрсақпен дем алуын сұрап, саусақтың сыртқы жағында тері қатпары түзілетіндей етіп, саусақтарды сол жақ қабырға доғасына қарай жылжытады. Науқас демін шығарғаннан кейін құрсақ қабырғасының бұлшық еттері босаңсиды, саусақтарды құрсақтың артқы қабырғасына жанасқанша енгізеді.Пилорикалық бөліктің пальпациясында тышқанның дыбысы (писк) тәрізді дыбыс болады, ол пилорикалық бөліктегі сұйық құрамның және ауа көпіршіктерінің басылып қалуымен түсіндіріледі. Пальпацияда пилорикалық бөліктің диаметрін, консистенциясын, бетін, қозғалғыштығын, ауырсынуды анықтайды.Ол жиырылу кезінде жақсы пальпацияланады. Тегіс, ауырсынусыз, цилиндр тәрізді, диаметрі 2 см-ге дейін, қозғалысы шектелген.Босаңсыған кезде сирек пальпацияланады. Сау адамдарда жиырылуы 30-50 секундқа, босаңсуы 15-30 минутқа созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |