ІШТІҢ ПЕРКУССИЯСЫ Перкуссияның мақсаты
1)асқазан мен ішектің арасындағы шекараны анықтау
2)бауыр мен талақтың шекарасын анықтау
3)құрсақ қуысындағы бос сұйықтықты анықтау
Қалыпты жағдайда іштің барлық беткейінде науқастың қалпына байланыссыз, тимпандық дыбыс анықталады.
ІШТІҢ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ Дені сау адамда құрсақ қуысына фонендоскопты қойып тыңдағанда ішектің жиырылуынан болатын дыбыстар естіледі.Бұл дыбыстар шұрыл,сұйықтықтың құйылғаны, шашырағаны тәрізді болады. Ішектің жиырылуы (перистальтикасы) ішектің парезі кезінде жойылады. Бұл жедел перитонит кезінде болады.Перистальтиканың жедел күшеюі ішектің механикалық өткізбеушілігі дамығанда (1-ші кезеңінде) жіңішке ішек қабынғанда болады.Кейде науқастарда фибринозды перитонитте құрсақтың үйкеліс шуы естілуі мүмкін, құрғақ плевритте болатын плевраның үйкеліс шуына ұқсас болады.Құрсақ қабырғасында қолқа проекциясы аймағында артериалды шуыл естілуі мүмкін.Ол қолқа тарылған кезде естіледі (қолқа коарктациясы).
Сонымен қатар аускультация бүйрек артериялары тарылғанда және асқазанның төменгі шегін анықтау үшін де жүргізіледі.
Іштің аускультациясының мақсаты:
1)ішектің перистальтикасын зерттеу үшін
2)асқазанның төменгі шегін анықтау
3)құрсақтың үйкеліс шуын анықтау
4)қолқа, бүйрек артериялары тарылғанда артериалды шуларды тыңдау.