СТАНДАРТ
Терең пальпацияның техникасы
1. терең пальпацияны Образцов – Стражеско тәсілімен жүргізіңіз. Терең пальпация арқылы құрсақ қуысындағы мүшелердің орнын, көлемін, формасын, консистенциясын білуге болады.
2. оң қолдың саусақтарын шамалы бүгіп, пальпация жасайтын мүшеге тіке қойыңыз.
3. теріні шамалы жиырып, зерттейтін мүшеге қатарластырып пальпацияны жасаңыз.
4. қолды тереңдетіп, науқас демді шығарғанда ішті басып көріңіз.
5. саусақтар тері бетімен емес, алдыңғы құрсақ қуысымен бірге жылжу керек.
Терең пальпацияны жүргізетін реті: әуелі сигма тәрізді ішекті, сосын соқыр ішекті, мықын ішекті, ішектің жоғарғы және төменге түсетін бөлігі көлденең бөлігі, асқазанды, бауырды, талақты, ұйқы безді, бүйректі сипалайды.
Терең пальпация Сигма тәрізді ішектің пальпациясы
Соқыр ішектің пальпациясы Асқазан пальпациясы
Достарыңызбен бөлісу: |