Эзофагеальды дисфагия бірнеше жұтыну актісінен кейін пайда болады және жұтқыншақтың бойындағы жағымсыз сезімдермен қатар жүреді.
Дисфагияның бұл түрі жұтқыншақтың рак ауруында , өңеш бойының қышқыл, сілтімен күйгеннен кейінгі тыртықтануында, өңеш жара ауруында болады. Сонымен қатар дисфагия өңештің қолқа аневризмасымен және көкірекаралық ісікпен басылып қалуынан пайда болады.Дисфагия органикалық және функционалдық болып жіктеледі.
Органикалық дисфагияда тамақ жұтудың қиындауы үнемі мазалайды. Аурудың өршуіне байланысты бара-бара науқас сұйық тамақтыда іше алмай қалады.