СТАНДАРТ
Бүйрек перкуссиясын жүргізу техникасы
(Пастернацкий симптомы)
1. Белдеме маңында бүйрек үстіне қойылған сол қолдың үстін оң қолдың қырымен жайлап ұрыңыз.
Егер бүйректе тас немесе қабыну процеі юолса науқас ауырсыну сезінеді. Онда Пастернацкий симптомы оң болып есептеледі. Ол бүйрек тас ауруында, паранефритте, миозитте, радикулитте кездеседі.
ҚАН ТҮЗУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ БАР НАУҚАСТАРДЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕРІ
Басты синдромдары
Анемиялық синдром—қан аздық. Оның себептері:
1)қан жоғалту нәтижесінде (постгеморрагиялық) (қан кетуден болады, күнде аз ғана қан кеткеннің өзінде постгеморрагиялық анемия дамиды):
Жедел постгеморрагиялық анемия
Созылмалы постгеморрагиялық анемия
Анемиялық синдромға тән: мидың гипоксиясының клиникалық белгілері (әлсіздік, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, бас айналу, бас ауруы, талықсуға бейімділік, ұйқышылдық) жүрек бұлшық етінің гипоксия белгілері (ентігу, жүрек қағуы, кардиалгия, жүрек камераларының дилатациясы, жүрек тондарының әлсіреуі, жүрек ұшында систолалық шу) болады.
Анемия кезінде сидеропениялық синдром да кездеседі:дәм сезудің бұзылуы, тері, шаш, тырнақтарда трофикалық өзгерістер.
Достарыңызбен бөлісу: |