Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет44/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Дененің термометриясы
Дене температурасын өлшеу әрбір науқаста жүргізіледі. Қызбалық жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Жиі қызбаның себебі болып жұқпалы аурулар және тіндердің ыдырауы кезіндегі соңғы өнімдері әсерінен болады( мысалы: миокард инфарктісі кезіндегі некроз ошағы). Дене температурасын өлшеу кезінде медициналық термометр қолтық астына 10 мин қойылады. Қолтық асты толық жабылған болуы керек. Әлсіз адамдар мен балаларда қолын ұстап тұру керек.
Кейбір жағдайларда тік ішектен өлшенеді. Ол қолтық астына қарағанда 0,5 – 1,0ᵒ жоғары болады. Дене температурасын күніне 2 рет (7-8 сағ және 16-17 сағ) өлшейді. Кейбір ауруларда әрбір 2-3 сағатта. Термометр көрсеткішін температуралық қағазға түсіріп отырады. Дені сау адамдар таңертенгі және кешкі температураның айырмашылығы 0,6 ᵒ аспайды. Адам тамақ ішкеннен кейін, физикалық қимылдан соң, ыстық ауа райында дене қызуы сәл жоғарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет