Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Қызбаның қисықтық формасына байланысты



бет46/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Қызбаның қисықтық формасына байланысты:
-Толқын тәрізді қызба – күнделікті дене температурасы біртіндеп жоғарлауы, кейін біртіндеп түсуі болады, бірнеше күннен кейін қайтадан осы кезең қайталанады. Сарыпта және лимфогрануломатозда кездеседі.
-Қайтымды қызба – дене температурасы жоғарлауы бірнеше күн оның қалыпты болуымен ауысып отырады. Содан кейін жаңадан жоғарлау болады.
Дене температурасының біртіндеп түсуі - лизис, тәулік ішінде дене температурасының бірден қалыпты көрсеткішіне дейін түсуі -кризис деп аталады.
Қызбаның 15 кунге созылуы – жедел, 45 күнге созылуы – созылмалы деп аталады.
Рентгенологиялық зерттеу
Терапиялық тәжірибиеде жиі рентген сәулесі арқылы рентген экранына жарықтандыру жүргізіледі. Оны рентгеноскопия деп атайды. Рентгеноскопия арқылы тек қана ішкі ағзаларды әртүрлі жарықта көруге болады. Мысалы: жүректің өлшемін, конфигурациясын, өкпе тінің қалыңдығын, пневмония кезіндегі қабыну инфильтрациясын, ісіктерді. Егер осы суреттерді қағазға шығаратын болсақ ол – рентгенография деп аталады. Қуыс ағзаларды зерттеу ішін және рентген экранында қою қара көленкені алу үшін контрасты заттарды жіберіп барып рентген суретін жасайды. Өт жолдарын, шығару жолдарын түсіру ( цистография, холеграфия) йод ұсталған контрасты затпен жүргізіледі. Бүйрек түбекшелерін зерттеу – пиелография, бронхтарды зерттеу – бронхография; қан тамырларын рентгенологиялық зерттеу – ангиография.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет