Эндоскопия,цитологиялық, биопсиялық зерттеулер Эндоскопия (грекше endos –іш,scopia- қараймын) –эндоскоп құралы арқылы қуыс және түтікшелі ағзалардың ішкі бетін қарау әдісі. Өнешті зерттеу эзофагоскопия, асқазанды зерттеу – гастроскопия, он екі елі ішекті зерттеу – дуоденоскопия, тік ішек пен сигма тәрізді ішекті қарау – ректороманоскопия, трахея мен бронхтарды қарау – трахеобронхоскопия, құрсақ қуысын зерттеу – лапароскопия, қуықты зерттеу – цистоскопия.Эндоскопиялық зерттеу кезінде ағзаның шырышты қабаттың беткейінен цитологиялық зерттеуге (тін жасушасының формасы мен құрылысын анықтауға)материал алуға болады. Егер тіннің бөлшегі алынатын болса ол гистологиялық зерттеуге(биопсия).