СТАНДАРТ
Саусақтан қанды зертханалық анализге алу.
Мақсаты: диагностикалық – қанды жалпы анализге алу: қанның форменді элементтерінің санын және сапасын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер), қандағы гемоглобинді анықтау, эритроциттердің тұну жылдамдығын (СОЭ), қандағы қантты, қанның ұюын анықтау.
Қолданылуы: дәрігердің тағайындауы.
Терінің тесу жерлері: құлақ сырғалығы, ІV саусақ, нәрестелерде өкше терісі.
Әзірле:стерильді: скарификатор-ине, мақта, резеңке қолғап, 70% спирт, 5% йод ерітіндісі, КҚЖҚ
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеу алдында науқасқа қан алатындығы жөнінде айтып, таңертең аш қарынға, дәрі - дәрмекті ішпей тұрып, кешке майлы тағам жемеу керектігі жөнінде ескертіңіз.
Науқасты ыңғайлы етіп отырғызыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктерімен өңдеңіз.
Сол қолыңызға науқастың ІV саусағын алыңыз.
Тесетін орнын спиртке батырылған стерильді мақтамен сүртіңіз, кебуін күтіңіз, әйтпесе шыққан қан саусақ бойымен ағып кетеді.
Жәймен науқастың саусағын басып, скарификатор-инені перпендикуляр ұстап, саусақтың ортаңғы сызығының сол жағынан тесіңіз.
Кесінді саусақ терісінің сызығына перпендикуляр болу керек, сол кезде жарасы ашық, қан тез және көп мөлшерде ағады. Егер саусақ терісінің сызығымен қатар тесілсе, жара тез бітеліп қалады.
Бірінші шыққан қанның тамшысын стерильді құрғақ мақтамен сүртіп алыңыз.
Қанның әр зерттеу түріне жаңадан аққан тамшыдан алынады.
10.Қан алғаннан кейін, тескен орнын 5% йод ерітіндісімен дезинфекциялаңыз.
11. Қолданылған медициналық бұйымдарды КҚЖҚ-қа салыңыз.
Ескерту!
Қолдың саусақтар күйген және үсіген жағдайда, қанды құлақ сырғалығынан алуға болады.
Емізулі нәрестеден қанды аяғының үлкен саусағынан немесе өкшесінен алады.
Достарыңызбен бөлісу: |