Асқазан сөлінің иісі. Қалыпты жағдайда асқазан сөлінің аздап қышқыл иісі болады. Асқазандағы тамақтың майы бұзылғанда-өткір ащы иіс пайда болады, тамақ шіри бастағанда-шірік иіс шығады.
Асқазан сөлінің қалыпты түсі бұлдыр ақ болады. Асқазан сөлі түсінің өзгеруі оған өттің не қанның араласуынан болады. Асқазан сөліне өт араласса оның түсі жасыл көкке айналады(асқазан рагі, пилоростеноз). Асқазан сөлінде қан болу асқазанның кілегей қабығын зондтың жарақаттауынан, асқазан жарасы мен асқазан рагінде кездеседі.
Асқазан сілекейі. Қалыпты жағдайда асқазан сөлінде шамалы мөлшерде сілекей болады. Асқазан сөлінде сілекей көбеюі гастритте болады.
Асқазан сөлін химиялық жолмен тексеруге оның жалпы қышқылдылығын , бос тұз қышқылын, қосындыдағы тұз қышқылын, пепсинді және сүт қышқылын анықтау жатады. Қалыпты жағдайда жалпы қышқылдық 40-60 титрлік өлшем бірлігіне (ЕД) тең, бос қыщқылдық 20-40 титрлік өлшем бірлігіне (ЕД) және байланыс қышқылдық 10-20 титрлік өлшем бірлігіне (ЕД) тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |