Ішекті тексерудің қосымша тәсілдері. Олар функциялық және морфологиялық тәсілдері болып екі топқа бөлінеді:
Функциялық методтар: Іштің секрециялық функциясын тексеру. Ішек сөлінде ферменттер көп болады. Олардың көпшілігін аш ішектер шығарады. Ішектен 15 фермент шығады.
Ішектің фермент жасайтын функциясын 12-елі ішектегі және нәжістегі энтерокиназаның концентрациясын салыстыру арқылы анықтайды. 12-елі ішек сөлінде энтерокиназа мөлшері 20 өлшем бірлігі шамасында. Нәжісте энтерокиназаның концентрациясы көп болуы (жедел қабынуы, не созылмалы қабынудың қайталауы) кездеседі. Себебі: іш өткенде энтерокиназа тоқ ішек ішінде бұзылып үлгірмейді.
Ішектің сіңіру функциясын анықтау тәсілдері өте көп. Оның ішіндегі дәлірек нәтиже беретіні радиоактивті йод (J) қолдану тәсілі. Бұл тәсілде радиоактивті йодты 12-елі ішек зондысы арқылы 12-елі ішекке құяды да, оның қалқанша безі тұсында пайда болу уақытын әдейі санауыш құрал арқылы анықтайды. Ішек функциясы бұзылмаған жағдайда йод қалқанша безіне 4-8 минуттан кейін жетеді. Егер ол кешіксе, онда ішектің сіңіру функциясының нашарлағаны деп есептелінеді.
Ішектің қозғалыс функциясын рентгенологиялық тәсілдермен анықтайды. Ішке қабылдаған контрасты заттың бірінші порциясы 12-елі ішекте 10-15 минуттан кейін, тоқ ішекте бір сағаттан кейін пайда болады.
4 сағаттан кейін ол аш ішекте толық өтетін болады. Контрасты зат 6 сағат ішінде бауыр иініне, 12 сағатта талақ иініне,24 сағатта тік ішекке жетеді.Осы уақыттарды анықтау арқылы ішектің қозғалыс функциясы жөніндегі мәлімет алуға болады.
Ішек функциясының бірнеше параметрін қатар тексеру жолында болашағы бар тәсілге радиотелеметрия тәсілі жиналады. Тәсілдің мәні ішке жұтқан кішкене көлемді радиокапсуладан түскен сигналды қағазға жазып отыруда.Бұл тәсілмен әр бөлігінің температурасын, рН-ін , ішіндегі қысымын анықтауға болады.