Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет247/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Нәжісті зерттеу.

  • Зерттеуге нәжісті алу ережесі.

Нәжіс тоқ ішекте пайда болады және тағам қалдықтарынан, негізінен өсімдік клетчаткасынан тұрады. Нәжістің бір бөлігін тірі және өлген микробар құрайды. Зерттелетін нәжіс таза, құрғақ және мүмкіндігінше кеңдеу ыдысқа және жылы күйде жиналады. Ферменттер мен микроорганизмдер әсерінен өзгерістерге ұшырамауы үшін тексеруге науқастың өздігінен үлкен дәретке отырған жаңа нәжісін жіберген дұрыс болады.

  • Нәжісті құрттарға тексеру.

Нәжісті құрттарғы тексеру үшін науқас дайындықсыз, құрғақ шыны ыдысқа салынған кішкене мөлшердегі нәжіс зертханаға жеткізіледі.

  • Нәжісті вегетативтік флораға тексеру.

Үлкен дәретке отырғаннан кейін 15-20 минут ішінде вегетативті флораға зерттеледі. Вегетативті флораның сыртқы ортада тез өлуіне байланысты нәжіс жаңа ғана алынған болуы тиіс. Науқасқа май клизмасы қойылған және барий, висмут қабылдаған жағдайларда нәжіс қарапайымдыларға зерттелмейді.

  • Нәжісті дисбактериозға зерттеу.

1-2грамм мөлшерінде нативті материал зарарсыздандырылған құрғақ ыдысқа (ыдысты бактериологиялық зертханаға дайындайды) жиналады. Зерттеудің бұл әдісін антибактериальды ем және биопрепараттармен емдеу барысында жүргізуге болмайды.Егер мұндай емдеу әдістері қолданылған жағдайда, оны жолдамада көрсету қажет болады. Зертханаға жедел түрде жүргізіледі.

  • Энтеробиозға қырынды алу.

Энтеробиозға қырынды алу палата мейірбикесімен жүргізіледі, алдын ала жуындырмай-ақ таңертең науқастың көтен ішек (анальды) қырттысынан қырынды алады. Ашық түсті жабысатын лента (скоч) алынады, оның бір бөлігін анальды тесікке қойып, сосын шыныға жабыстырып зертханаға жібереді.

  • Нәжісті жасырын қанға зерттеу (Грегерсен реакциясы).

Тексеруден бұрын 3-4 күн көлемінде тағамнан ет, жұмыртқа, балық, алма, көкіністер, темір, висмут дәрілерін алып тастау қажет.

  • Нәжісті копрограммаға тексеру.

Науқасты алдын ала дайындалып алғаннан кейін (4-5 күн ішінде науқас Шмидт немесе Певзнер бойынша диеталық тағам қабылдайды) сыйымдылығы 30 мл-ден 100 мл-ге дейінгі ашық түсті шыны ыдысқа материалды жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет