Дәрігер және науқас, олардың қарым-қатынасы – деонтологияның ең маңызды элементтерінің бірі. Науқас саулығын жауапкершілікке алу дәрігердің басты парызы. Емдеу нәтижесі жүргізілген емнен ғана емес, науқаспен арадағы шынайы адамгершілікті қарым-қатынасқа да байланысты. Ол науқастың мінез-құлқына, оның мәдениеті мен науқасының ауырлығына байланысты қатынас орнатады. Науқастың сеніміне кіру- табысқа жетудің бір жолы.