Медициналық этика дегеніміз – қолданбалы этиканың бір саласы, ол медициналық этиканың – дәрігер мен әріптестерінің және пациенттермен қарым-қатынасынының ережелерін, мінез-құлық қағидаларын зерттейтін ғылым. Этиканың медициналық қызметкердің парызы мен міндеті туралы ілімді деонтология деп атайды. «Дәрігерлік этика» түсінігіне орыс хирургі Н.Н.Петров 1944 жылы «медициналық деонтология» терминін енгізді.
Медициналық деонтология дегеніміз – гректің deon, deontos –міндеттті+logos ілім деген яғни медициналық қызметкердің өзінің кәсіби қызметін атқару барысындағы орындауы тиіс этикалық нормалардың жиынтығы Науқастарға адамгершілік қарым-қатынас медицина атасы Гиппократ еңбектерінде орын алған, оның пайымында «Даналықты іздесең, оның бәрі медицинада – ақша беруге жиіркенішпен қарау, ар-ұят, қарапайымдылық, ұқыптылық, ойшылдық, лайықты өмір сүруге қажетті ілім-білім, зұлымдыққа жол бермеу, ырым-жырымға сенгіштік. Дәрігер осы қасиеттерімен бәрінен жоғары тұруы керек.» Осы негізге ала отырып Гиппократ анты қабылданды. Одан бері екі мың жылдан артық уақыт өтті, әлем ғалымдары көптеген еңбектер мен постулаттар жазып, бүгінгі күні медициналық деонтологияның төмендегідей постулаттарын енгізді:
Медицина мамандығын таңдаған әрбір адам осы кәсіпке өз жүрегінің қалауымен келуге тиісті. Ол дегеніміз ғұмырын медицинаға арнау, адам өмірі үшін барлық күш-жігері мен қайратын жұмсау. Науқастың қиналысына жаны ашып, сабырлық,мейірімділік таныту.Медицинада өз мамандығын сүю – адамды сүю, оған көмек көрсетіп, жазылуына қуану.
Достарыңызбен бөлісу: |