СТАНДАРТ Зәрге микроскопиялық тексеру жүргізу үшін жағынды дайындау. Қажетті құралдар: 1. центрифуга
2. микроскоп
3. центрифугалық пробиркалар
4. дене және жапқыш (покровные) шынылар
Зерттеу барысы: 1.препараттарды дайындау – центрифугалық пробиркаға таңертенгі зәрді араластырып, 10мл құйыңыз.
2. 2000 об./мин жылдамдықпен 5 минут бойы центрифугада айналдырыңыз.
3.пробирканы тез еңкейтіп, жоғарғы мөлдір қабатын төгіңіз, ал қалған тұнбасын пипеткамен дене шынының ортасына тамызып, жапқыш щынымен жабыңыз.
4. тұнбада сұйықтық аз болу керек және жапқыш шыны тұнбаны толық жабу керек.
5.үлкен тамшы жайылып препарат көп қабатты болады, сондықтан микроскопиялық зерттеуді жүргізу қиындайды.
6. препаратты 8х10 есе үлкейтіп, жалпы қарау жүргізіңіз.
7. препаратты нақтылау зерттеу үшін 10х40 есе үлкейту керек.