СТАНДАРТ Зәрдің pH-шін лакмус қағаз арқылы анықтау Дені сау адам зәрінің рН =60,25 (5,0-7,0). Зәр рН-ның өзгеруі тамақтануға байланысты болады:
Еттік диетада зәр реакциясы қышқыл, өсімдік диетада – сілтілі.
Көкшіл және қызыл лакмус қағаздарымен рН анықталады.
Нәтижелі бағалау: - егер лакмус қағазы көктен қызылға өзгерсе, ал қызылы түсін өзгертпесе – ол қышқыл реакция;
- егер қызыл лакмус қағазы көк түске боялса, ал көк қағаз түсін өзгертпесе – ол сілтілі реакция; - егер екі қағаз түстерін өзгертпесе – ол бейтарап реакциясы.
СТАНДАРТ Бромтимол синий индикаторымен зәрдің рН-шын анықтау сынамасы. Қажетті реактивтер: Бромтимол синий – фарфор ыдысында индикатордың 0,1г ұнтап, 20 мл жылы этил спирт ерітіндісінде ерітіп, бөлме температурасына дейін суығанда 100мл-ға дейін ерітінді қосады.
Зерттеу барысы: 1. дәретке шыққаннан кейін алғашқы 2-3 сағатта зәрді зерттеңіз.
2. зәрдің 2-3 мл-не индикатор жұмыс ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосыңыз.
3. индикатор ауыспалы түсті шекарасы рН 6,0 – 7,6.
4. сарны түсті – қышқыл реакция, қоңыр – әлсіз қышқылды, шөп түсті – бейтарап, қоңыр-жасыл – әлсіз сілтілі, жасыл және көк – сілтілі.
5. Қалыпты жағдайда зәр реакциясы – қышқыл немесе бейтарап.