Гипоталамус(hypotalamus) жануарлар организмдеріндегі эндо- криндік қызметті реттейтін эндокринді бездер жүйесінің жоғарғы
Гипоталамус (hypotalamus) жануарлар организмдеріндегі эндо- криндік қызметті реттейтін эндокринді бездер жүйесінің жоғарғы
да, негізгі орталық мүшесі. Ол ми орталығы ретінде, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлік- рінің жүйкелік және эндокриндік реттеулерін біріктірігі, нейроэн- докринді жүйеге айналдырады. Гипоталамус аралық мидың төмпек- асты аумағын, үшінші ми қарыншасының төменгі қабырғасы мен түбін қүрайды. Гипоталамусты басқа эндокринді бездер қызмет- терін реттеуге қажет нейрогормондар бөлетін көпөсінділі жүйке торшалары — мультиполярлы нейроциттер қүрайды. Аталған нейроциттер гипоталамуста сүр заттық орталықтарды (ядролар) жасайды. Гипоталамустың сүр заттық орталықтары алдыңғы, ортаң- ғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері биологиялық түрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиатор- ларымен салыстырғанда, алыстан жөне ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөледі.
+Гипоталамустың алдыңғы бөлімі ірі нейросекреторлы мультипо- лярлы нейроциттерден қүралған жүп супраоптикалық және пара- вентрикулалық ядролардан түрады. Нейроциттер эндоплазмалық торында белокты (нонапептидтер) нейрогормондар түзіледі. Оларға вазопрессин және окситоцин жатады.