Гипофиз(hypophysis) жануарлар организміндегі көптеген эндо- кринді бездер қызметтерін реттеуге қажет гормондар бөлетін ішкі секреция бездер жүйесінің орталық мүшесі. Ол аралық мидың құра- мына кіріп, гипоталамуспен жалғасып жатады. Гипофиз безді гипо- физден немесе аденогипофизден және нейрогипофизден құралған. Аденогипофиздің езі алдыңғы, аралық және төмпектік (туберальды) бөліктерден тұрады.
Гипофиз (hypophysis) жануарлар организміндегі көптеген эндо- кринді бездер қызметтерін реттеуге қажет гормондар бөлетін ішкі секреция бездер жүйесінің орталық мүшесі. Ол аралық мидың құра- мына кіріп, гипоталамуспен жалғасып жатады. Гипофиз безді гипо- физден немесе аденогипофизден және нейрогипофизден құралған. Аденогипофиздің езі алдыңғы, аралық және төмпектік (туберальды) бөліктерден тұрады.
Аденогипофиз біріншілік ауыз қуысы төбесі шұңқырын, яғни гипофиз қалтасын астарлайтын эктодермалық эпителийден, ал нейрогипофиз ми қалтасынан дамып жетілетін жүйкелік глиядан дамиды. Гипофиз бассүйек сынаша сүйегінің түрік ершігі шұңқырында орналасып, жүйке жүйесі мен эндокринді бездер жүйесінің қызметтік байланысын қамтамасыз етеді.
Аденогипофиздің алдыңғы бөлігінің паренхимасы эпителий торшалары (аденоциттер, эндокриноциттер) қүрайтын бағандар тармақтарынан түзілген. Аденоциттер бағандары қойнауша қан капиллярлары қабырғаларына тығыз жанасып жатады. Тым жүқа дәнекер үлпалық без стромасы нашар жетілген. Сондықган, адено- циттер бағандары тармақгарын бір-бірінен қойнауша кдн капиллярлары ғана ажыратып түрады. Торшалар бағавдарын үш түрлі аденоцитгер қүрайды. Бағандардың шеткі жағындағы эпигелий торшалары цитоплазмасында түрлі бояулармен боялатын дәншелері болады. Оларды хромофилді аденоциттер — деп атайды. Ал бағандардың орта шеніндегі эндокриноциттер тым солғын боялады. Оларды хромофобты аденоциттер — дейді. Цитоплазмасындағы дәншелері қышқылдық бояулармен қызыл түске боялатын хромофилді эндокриноциттерді ацвдофилді аденоциттер, ал негіздік бояулармен кекшіл түске боялатын хромофилді торшаларды базофилді аденоцитгер — деп атайды.
Мөлшері кішірек келген, содғын боялған хромофобты аденоциггтер алдыңғы бөліктің барлық эндокриноциттерінің шамамен 60% -ын құрайды. Олар жас камбиальды торшалар. Хромофобты аденоциттерден ацидофилді және базофилді аденоциттер өсіп жетіледі.