Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы



бет10/12
Дата20.06.2018
өлшемі127,29 Kb.
#43353
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      өтініште айтылған фактілерді растайтын құжат;

      кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәлігі;

      порталға:

      6) ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді тіркеу, қайта тіркеу кезінде кеме куәлігін алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін келесі құжаттар көшірмесінің бірі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады):

      мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;

      кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері, мұраға құқық туралы куәлігі, сондай-ақ соттың заңды күшiне енген шешімі, кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;

      сыныптаушы куәліктің электронды көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      7) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын электрондық құжат;

      8) жеке тұлға кемені қайта тіркеу кезінде осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжаттарға қосымша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралы салығын төлегенін растайтын құжат немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      9) кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме куәлігінің телнұсқасын беруге көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, кеме куәлігінің телнұсқасын алу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      10) Ішкі суда жүзетін кемелерді және опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен, конструкциялық жағынан күйреген немесе қайта жасау немесе басқа да өзгерістер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді, сонымен қатар мемлекеттiң, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiнен шыққан кемені тіркеуден шығару кезінде Мемлекеттік кеме тізілімінен кемені алып тастау үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеменің меншік иесінің көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;

      өтініште айтылған фактілерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктің электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады).

      Егер ұсынылған құжаттар шет тілінде жасалса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, осыдан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы электрондық өтінімді беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 10.05.2017 № 270 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді алумен байланысты.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті


берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік
корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау болып нөмірін, күнін, шағымды қабылдаған адамның тегін, байланыс деректерін, сонымен қатар берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, және шағымды қарастырудың жағдайын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеумен қатар талонды беру (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жайлар және телефондар бойынша беріледі.

      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың Мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның - атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде Мемлекеттік


корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзін-өзі қарап күту, өздігінен жүріп тұру, бағдарлай алуды жүзеге асыру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған көрсетілетін қызметтерді алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдау Мемлекеттік корпорация қызметкері Бірыңғай байланыс орталығы 1414 арқылы жүгінумен тұрғылықты жері бойынша шығу арқылы жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.mid.gov.kz ("Көлік комитеті" деген бөлімнің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz;

      3) порталда.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған жағдайда электронды түрде алуға мүмкіндігі болады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі болады.

 

"Ішкі суда жүзетін кемелерді және
"өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді
Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік
тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік
тіркелгенін растайтын құжаттардың
телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілген
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік

      бақылау комитетінің аумақтық органына _______________________________

      Территориальному органу Комитета транспорта Министерства по

      инвестициям и развитию Республики Казахстан__________________________

      Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы,

      телефоны, факсы, тіркелген жері______________________________________

      Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический

      адрес, телефон, факс, место регистрации _____________________________

Кемені мемлекеттік тіркеуге (қайта тіркеуге) және кеме


куәлiгiнің телнұсқасын беруге өтінім
Заявление на государственную регистрацию (перерегистрацию)
судна и выдачу дубликата судового свидетельства

      ______________________ тиесілі, мынадай айырма белгілері бар кемені

      тіркеуге, қайта тіркеуге алуыңызды, кеме куәлiгiнің телнұсқасын

      беруіңізді сұраймын (керегін сызу):

      Прошу выдать дубликат судового свидетельства, принять к регистрации,

      перерегистрации (необходимое подчеркнуть) судно, принадлежащее

      __________, имеющее следующие отличительные признаки:

      1. Кеменің атауы немесе оның нөмірі

      Название судна или его номер ________

      2. Түрі және мақсаты

      Тип и назначение _______

      3. Жобаның № жасалған жылы және жері

      Проект № ___ год и место постройки ______

      4. Корпусының материалы

      Материал корпуса _________

      5. Негізгі машиналары (үлгісі, саны және жалпы қуаты)

      Главные машины (тип, число и общая мощность) _______________

      6. Кеменің габариттік өлшемдері:

      ұзындығы______ м, ені______ м,

      Габариты размера судна:

      длина ______ м, ширина ______ м,

      толық жүкпен шөгу _______ м, жүксіз шөгу _________м,

      осадка в полном грузу _______ м, осадка порожним _______ м,

      қондырғысымен бірге ең жоғарғы биіктігі (жүксіз, бос шөккен кезде)

      _____м.

      наибольшая высота с надстройками (от осадки порожнем)_____м.

      7. Белгіленген жүккөтергіштігі ______ т. жолаушы сыйымдылығы

      (адам)____

      Установленная грузоподъемность ____т. пассажировместимость (чел) ____

      8. Жүзу разряды_________________

      Разряд плавания _____________________

      9. Қозғаушыларының түрі_________

      Род движителей ______________

      10. Руль құрылғысы (қол, механикалық, электрлік және т.с.с)__________

      Рулевое устройство (ручное, механическое, электрическое и т.п.) _____

      11. Су өткізбейтін аралықтардың саны_________________________________

      Число водонепроницаемых переборок ___________________________________

      12. Құтқару қайықтары (саны, жалпы сыйымдылығы)______________________

      Спасательные шлюпки (кол-во, общая вместимость) _____________________

      13. Жүру жылдамдығы (ең жоғарғы) (км/сағ)____________________________

      Скорость хода (максимальная) (км/час)________________________________

      14. Зәкірлер саны және олардың салмағы_______________________________

      Количество якорей и их вес __________________________________________

      15. Радионавигациялық жабдық (атауы, үлгісі, саны)___________________

      Радионавигационное оборудование (наименование, тип, число) __________

      16. Су төкпе құралдары (жүйесі, өнімділігі)__________________________

      Водоотливные средства (система, производительность) _________________

      17. Өрт сөндіргіш жүйесі (үлгісі, өнімділігі)________________________

      Пожарная система (тип, производительность) __________________________

      18. Тіркеу үшін қоса берілген құжаттар ______________________________

      Прилагаемые для регистрации документы: ______________________________

      19. Кеменің меншік иесінің немесе уәкілетті тұлғаның қолы

      Подпись собственника судна или уполномоченного лица _________________

      (өтінімге кім және қандай лауазымында қол қояды,

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________ өтінімге қол қоюшы

      тұлғаның өкілеттік негіздемесі, Т.А.Ә., паспорттық деректері / кто и

      в каком качестве подписывает заявление, основание полномочий лица,

      подписывающего заявление, Ф.И.О., (паспортные данные)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін / Согласен на использования

      сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в

      информационных системах.

      "____"__________20__ ж/г __________________

      (қолы /подпись)

      Күні М.О. (заңды тұлға үшін)

      Дата ____________ М.П. (для юридического лица)

 

"Ішкі суда жүзетін кемелерді және
"өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді
Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік
тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік
тіркелгенін растайтын құжаттардың
телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілген
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік

      бақылау комитетінің аумақтық органына _____________________________

      Территориальному органу Комитета транспорта Министерства по

      инвестициям и развитию Республики Казахстан Республики

      Казахстан__________________

      Кеме иесінің толық және қысқартылған атауы, оның заңды мекенжайы,

      телефоны, факсы, тіркелген жері_____________________________________

      Полное и сокращенное наименование судовладельца, его юридический

      адрес, телефон, факс, место регистрации ____________________________

Кемені тіркеуден шығаруға


өтінім
Заявление
на снятие с регистрации судна

      _________________________________________ (кемені мемлекеттік кеме

      тiзiлiмiнен шығарудың негіздемесін көрсету керек: кеме опат болуына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет