Іске асыру туралы есеп жасау нысаны мен тәртібін қамтитын Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарына


«Әлеуметтік сала» 2 бағыты бойынша



бет20/22
Дата29.01.2017
өлшемі3,24 Mb.
#8242
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

«Әлеуметтік сала» 2 бағыты бойынша 12 мақсат, 23 нысаналы индикатор және 41 нәтиженің көрсеткіштері қарастырылды, оның ішінде 19 индикаторға және 40 нәтиженің көрсеткіштеріне қол жеткізілді, 4 нысаналы индикторға, көрсеткішке қол жетікізілген жоқ.

«Білім беру» бөлімі бойынша 1 мақсат, 2 нысаналы индикатор және нәтижелердің 7 көрсеткіші қарастырылған. 2 нысаналы мақсатқа қол жеткізілді.

Қазіргі кезде облыста 197 балабақша және 312 шағын орталық қызмет етеді. Мектепке дейінгі біліммен 3-6 жас аралығында балалардың 98% қамтылған. 6 балабақша, оның ішінде құрылыс пен қайта салу есебінен 4 балабақша, жеке құрылымдар есебінен 2 балабақша ашылды.

Мүгедек балаларды мектепке дейінгі жастан орта білім алуына дейін сапалы білім беруге мүмкіндік беретін кешенді жүйесі құрылды және қызмет етеді.

2014 жылы жаңа мектеп құрылысына, мектеп ғимараттарын жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Апатты мектептер санын азайту бойынша жұмыс жалғасын табуда. 2014 жылғы желтоқсанда апатты мектеп орнына республикалық бюджет есебінен Осакаров ауданының Осакаров кентінің 600 орынды мектебі пайдаланымға берілді. Қазіргі уақытта облыста 2 апатты мектеп (үлесі – 0,3% республикалық көрсеткіш кезінде 1,9%) Ұлытау және Абай аудандарында. Апатты мектептерді жаңа мнктепке айырбастау 2015 жылы жоспарлануда.

Түзету білім беру ұйымдарының желісі кеңінен дамыған. Барлық бұзушылықтардың түрі бойынша 1 мың 572 мың баланы қамтумен 1 арнайы түзету мектеп-интернаты, 806 баланы қамтумен жалпы білім беру мектептерінде 99 түзету сыныптары, 92 логопед орны, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерде 27 қызмет етеді.

173 баланы қамтумен 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оның ішінде ауылдық жерлерде – 2 (Жаңаарқа және Осакаровка аудандарында), Қарағанды қаласының дамуы шектеулі балаларға арналған «Үміт» оңалту орталығы жылына 150 баланы қамтиды; Қарағанды қ. және Жезқазған қ. 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қызмет етеді.

Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде Қарағанды қаласының №48 ОМ базасында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.

Орта білім беру саласында ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы көбіне ғаламтор-ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге байланысты.

Компьютерлік паркті кеңейту нәтижесінде облыс бойынша 1 компьютерге 5 адам, (республикалық көрсеткіш - 13) 2013 жылы 5,8 адам. Облыстың компьютерлік паркі 31801 машинаны құрайды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2311 машинаға артық. Ғаламторға қосылған мектеп саны өткен жылмен салыстырғанда 81,5-тен 82 пайызға өсті.

«Білімал» ДБЖ енгізу бойынша білім беру порталын және бірыңғай білім желісін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз ету оқу жылының басымен салыстырғанда 52,5-тен 58 пайызға артты (республикалық – 44,7пайыз).

Тегін ыстық тамақпен көпбалалы және жағдайы төмен отбасы балалары 100% қамтылған.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды даярлау 74 колледж, оның ішінде 46 мемлекеттік, 16 сала, 105 мамандық, 191 біліктілік бойынша жүргізіледі.

Дуальды жүйе бойынша жұмыс істейтін колледж саны 17-ден 27 артты, бұл оқу орындарының жалпы санынан 36%-ды құрап отыр.

2014 жылғы қыркүйектен Халықаралық ынтымақтастық бойынша Герман қоғамымен өзара әрекеттесу шеңберінде қазақстандық білім беру жағдайына бейімделген неміс кәсіптік стандарттарының жеке мамандықтары бойынша бағдарламаларды әзірлеу және сол бойынша Қарағанды машина жсау колледжі мен Теміртау политехникалық колледжі студенттерін оқыту басталды.

Саналы таңдауға мотивацияны арттыру үшін, облысымызда 2012 жылдан бастап, кәсіби сынақтарды қосатын ерте кәсіптену негізінде үздіксіз кәсіпптік білім моделін енгізу іске асып жатыр.

Мектептер қызметінің колледждермен, ЖОО-мен өзара әрекеттесуге, түлектің жеке кәсіби бағдарлы портфолиосын жасауға және оның мектептен кейінгі кәсіби білім бағытын жобалауға жағдай жасайтын кәсіби бағдарлау кабинеттерін ашу бойынша жұмыс басталды.

«Денсаулық сақтау» бөлімі бойынша 1 мақсат, 1 нысаналы индикатор және 6 нәтижелер көрсеткіші қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында жүргізілген жұмыстың нәтижесінде халық денсаулығы негізгі көрсеткіштері жасқарды.

Нәрестелер өлім-жітімі көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 1000 тірі туғандарға шаққанда 11,3-тен 10,7-ге дейін 19,8%-ға төмендеді.

Ана өлім-жітімі көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 16,0 құрады. Жүрек-тамыр ауруларынан болған өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 313,3-тен 220,2-ге дейін 13,4%-ға төмендеді.

Туберкулезден өлім-жітім 2013 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынға шаққанда 8,8-ден 8,1-ге дейін 10%-ға төмендеді.

Халық арасында АҚТҚ таралу көрсеткіші 0,036 деңгейінде тұрақтанды, жоспарлы көрсеткіш 0,037, өмір сүру ұзақтығы 3,8%-ға артты және 68,98 жас құрады.

Бағдарламаның жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін облыста келесі шаралар өткізіледі: медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде диагностика және емдеудің хаттамалары енгізілген, халықты тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде 329 857 диспансерлік сырқатты амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

2014 жылы ауруларды ерте анықтау аясында халықтың нысаналы топтарын скринингтік қараудың 10 түрі жүргізілді. 2014 жылда 1029007 адамнан халықтың 1048054 (100%) нысаналы тобы қаралды, 43726 сырқат анықталды, 33695 сырқат диспансерлік есепке алынды.

32 артериялық гипертензия мектептері, 19 коронарлық клубтар, 13 қант диабеті мектептері жұмыс істейді. 2014 жылы 1 580,0 млн. теңге сомаға медициналық жабдықтың 60 бірлігі сатып алынды. Алматы-Екатеринбург республикалық трассасында 6 трассалық медициналық-құтқарушы пункттер жұмыс істейді, онда ЖКО зардап шеккендерге көмек көрсететін шұғыл әрекет бригадасы ауысыммен кезекшілік жасайды.

Тәулік бойғы стационарлар жанында қалпына келтіру және оңалту емінің 354 төсегі қызмет жасайды. БАҚ арқылы СӨСО мемлекет азаматтары мен жұмыс берушілердің ынтымақтастық жауапкершілігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді. 2014 жылы шетелде 45 медициналық қызметкер оқытылды.



«Халықты әлеуметтік қорғау» бөлімі бойынша 1 мақсат, 4 нысаналы индикатор және 8 нәтиженің көрсеткіші қарастырылған және қол жеткізілді.

Жұмыссыздық деңгейі (2014 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша) 4,9% құрады.

Табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі - 1,3% (2014 жылғы 3 тоқсан).

Барлық медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінің, әлеуметтік бейімдеу орталықтарының, сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жариялауда тұрақты қызмет көрсету нәтижесінде 2014 жылдың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) 90%-ды құрайды.

Облыста 72 әлеуметтік инфрақұрылым нысанда мүгедектер үшін қолжетімді орта қамтамасыз етілді, яғни ол паспорттаудан өткен 455 нысанның 15,8% үлесін құрады.

2014 жылы 32185 жұмыссыз тұрғындар жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы жұмысқа орналастыруға көмекпен жүгінгендердің, жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 4,8 пайыздық тармаққа ұлғайды және 91,5 % құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 8836 жұмыссыз қатысқан.

Кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға және біліктілікті жоғарлатуға 1827 адам жіберілді.

Нысаналы топтың жұмыссыздарына облыстың жұмыс берушілерімен құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына 416 адам жұмысқа орналастырылды.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде 417 адам жұмысқа орналастырылды.

2014 жылы 16-дан 29 жас аралығындағы жастардан 16765 жүгінген; 14389 адам жұмысқа орналастырылды; қоғамдық жұмыстарға қатысқан 4002 адам; кәсіптік оқытуға 924 адам жіберілген.

Жұмысқа орналастыру сұрағы бойынша жүгінген жастардың жалпы санынан 16-дан 29 жас аралығындағы тұрғындардың әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылғандардың үлесі 15,2 пайыздық тармаққа асыра орындалды.

2014 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға 159 рұқсат берілді, оның ішінде білікті маман - 120.

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамында білікті мамандардың үлесі - 75,5%-ды құрады.

Құрылған жұмыс орындарының саны 11334 орынды құрайды, жылдың жоспары 8,9 мың орын болғанда, жоспарлық көрсеткіштен 2,4 мың жұмыс орынға жоғары.

Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан өзі қамтылған халықтың үлесі 16,2 % деңгейінде құрылды, өзі қамтылған халықтың жалпы санынан өнімсіз өзі қамтылған халықтың үлесі 52,6 % (2014 жылдың 3 тоқсанның мәліметтері).

Жеке меншік сектор субектілері ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) 2014 жылдың қорытындысы бойынша 6,2%-ды құрады, 2014 жылы жоспарға сәйкес – 6,2%.

Жалпы 1031 әлеуметтік инфрақұрылым нысанының 455 нысаны немесе 44,1% паспорттаудан өтті.

Әлеуметтік қорғау саласындағы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде кедейлік шегінен төмен табысы бар аз қамтылған азаматтардың саны айтарлықтай төмендеді.

2015 жылдың 1 қаңтарына 1269 аз қамтылған отбасы (5046 адам) тіркелген, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 16,5 пайызға аз (01.01.2014ж. – 6044 адам).

Кедейлік деңгейі 0,4 %-ды құрады. 2014 жылы атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын төлеуге 320,0 млн.теңге бюджеттік қаражат, оның ішінде республикалық бюджеттен 82,0 млн.теңге жұмсалды.

Облыста 10 медициналық-әлеуметтік мекеме (5 жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған, 4 психоневрологиялық, 1 психоневрологиялық паттологиялық мүгедек балаларға арналған), 69 үйде жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері, 3 белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары қызмет атқарады.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі ол мүгедектерге медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуды қамтамасыз ету болып табылады.



«Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі бойынша 2 мақсат, 2 нысаналы индикаторы қарастырылды және 2 көрсеткіш нәтижесіне қол жеткізілді.

Тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және қалпына келтіру мақсатында облыста 16 тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қайта жөндеу және консервациялау, 8 тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін археологиялық зерттеу, XVI-XIX ғасырлардағы облыстағы қазақ қыстауларының орналасу орнын зерттеу бойынша ғылыми экспедициялар, облыс аудандарының археологиялық картасын құрастыру, тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне төлқұжаттар құрастыру және тарихи-мәдени мұра ескерткіштеріне қорғау аймақтарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Облыстың мұражайлары 731 тарихи-мәдени мұра көрмесін ұйымдастырды, оған 478,5 мың адам қатысты.

2014 жылы облыстың мәдени-сауық ұйымдары 811 шара өткізді. Клуб құрылымдарының саны - 41, оның ішінде 7 – «Халықтық» және «Үлгілі» атауы бар көркемөнерпаздар ұжымдары.

2014 жылы 76 фильм көрсетілді, оның ішінде 15 - қазақстандық фильмдер. Фильмге келген адамдар саны 100,3 мың адамды құрады, қазақстандық фильмдерге келген адамдар саны 47,6 мың адамды құрады. Фильм көшірмелерін сақтау, жөндеу және реставрациялау бойынша жұмыстар жүргізілді, фильмдер санды форматқа көшірілді.

Облыстық театр-концерт ұйымдары 2638 спектакль және концерт қойды, 1293,7 мың адам көрді. Облыс театрлары 32 жаңа спектакль қойды (жоспар 32 спектакль), кәсіби театр-концерт ұжымдары Түркияға, Ресей, Беларуське, сонымен қатар Қарағанды облысы мен Қазақстан қалалары бойынша гастрольге барды.

Облыстық кітапханалар 224 кітап көрмесі мен тұсаукесер, 18 семинар, 341 бұқаралық шаралар өткізді, 522,7 мың бірлік библиографиялық жазба электрондық каталогқа енгізілді, 52,7 мың оқырманға қызмет көрсетілді, кітап беру 1182,8 дананы құрады.

Мемлекеттік тіл саясаты саласында 2014 жылға мемлекеттік тілде 2014 жылы мемлекеттік тілге 1972 адам оқытылды (оқытылғандардың 50,5%-ы мемлекеттік қызметшілер, 49,5%-ы жеке тұлғалар).

Қазақ тілін үйренуге көпшілікті тарту мақсатында телеарна арқылы «Тілтану» телебағдарламасы бойынша 34 сабағы телеарнаға шықты. Көрермендерге «Мәңгілік тіл» 34 сабағы және 4 бейнероликтер ұсынылды, облыстық және жергілікті баспа құралдарында 300-ден астам мақала жарияланды.

2014 жылы жергілікті органдардың құжаттарының үлесі 94%-ды құрады (өсім 1%-ға).

Мемлекеттік тіл функцияларын кеңейтуге, тілдерді дамытуға бағытталған 500-ден астам іс-шаралар. Оның ішінде облыстық деңгейде 1 форум, 2 тіл олимпиадасы, 3 семинар, 8 байқау өткізілді.

Республикалық шараларда біздің конкурсанттарымыз 6 жүлделі орындарға: «Ой - сана» және «Отанымның тілі–өз тілім» байқауларында 2 - Гран при алса; «Тіл–достықтың кепілі» өңірлік байқауында 1 - ІІ орын, «Жұматай–жыр қағаны» жыр мүшайрасында 1- ІІІ орын; «Тіл шебері» және «Абай оқулары» байқауларында 2 номинацияға ие болды.

Облыс аудандарының топонимикасына арналған кітаптар сериясы бойынша «Бұқар жырау ауданының топонимикасы» жарыққа шығып, «Ел тарихы-жер тарихы» облыстық семинар аясында тұсаукесері ұйымдастырылды.

«Дене шынықтыру және спорт» бөлімі бойынша 1 мақсат, 3 нысаналы индикатор және 2 көрсеткіштер нәтижелері көзделген. Барлық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер нәтижесі орындалды.

Қойылған мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен тікелей көрсеткіш нәтижелеріне қол жеткізу үшін 2014 жылы облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі спорттық-бұқаралық ісшаралар өткізілді, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халықтың қамтылуымен 28,2% немесе 387891 адам. Өткен жылмен салытырғанда 0,3% өсті.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға балалар мен жасөспірімдерді қамту мақсатында облыста салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бұқаралық-спорттық ісшаралар өткізілді. Жалпы білім беру мектептерінде спорттық секциялардың саны 2315 шейін өсті, бұл өткен жылмен салытырғанда 40 санға көп.

Әлем, Азия Чемпионаттарында жүлделі 1-3 орындарды жеңіп алған облыстың 18 спортшысына 2013-2016 жылдарға арналған ҚР спорттық классификациясына сәйкес «Халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының Спорт шебері» спорттық атағы берілді, облыстың 128 спортшысына «ҚР Спорт шебері» спорттық атағы берілді.

Барлығы 2014 жылы Қарағанды облысының спортшылары әртүрлі деңгейдегі 632 жарыстарға қатысты, соның ішінде 92 облыстық ісшараларға, 380 республикалық, 160 халықаралық жарыстар мен турнирлерге. 50 214 спортшы қамтылды, 7 227 түрлі деңгейдегі медальдер жеңіп алды, соның ішінде: 2439 алтын, 2236 күміс және 2552 қола.

Облыс аумағында Желкен спорты бойынша Әлем Чемпионаты, велоспорт бойынша Азия Чемпионаты, 5-Халықаралық турнир, 15- Республикалық турнир, 34- ҚР Чемпионаттары, 7- ҚР Кубогы, 6- ҚР Бірінішіліктері өткізілді.

Қарағанды облысында спорттың 81 түрі бар(спорттық мектептерде-67). ҚР ұлттық құрама командасына 1018 спортшы енді, бұл 2013 жылмен салытырғанда - 32 спортшыға көп, соның ішінде: 385- негізгі, 303- жастар, 330- жасөспірімдер 37 олимпиадалық және 44 олимпиадалық емес спорт түрлерінен.

Облыста спорттық инфрақұрылым жақсы дамуда. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын қолжетімді спорт нысандарының саны бүгінгі күнге 2 766 бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 67 нысанға көп. 39 көпфункционалды корттар мен 19 спорттық алаңдары орнатылды, сондай-ақ «Баскет Холл» спорттық сауықтыру кешені, «Aerofit Club» Майқұдықта және «Гульдер» мөлтек ауданында, Мемлекет басшысы барып көрген фитнес клуб «World Class» жүзу бассейнімен. Ұлттық ат спорт түрлерін дамыту үшін Шет ауданында Ақсу-Аюлы мекенінде ипподром салынды.

Республикалық бюджет есебінен облыстық бюджеттен қоса қаржыландырылып 3 ДСК салынуы бітті (Ақтоғай, Осакаровка мекендерінде, Балқаш қаласында).

Туризм саласы бойынша 2014 жылдың 9 айында тұру қызметін ұйымдастыру бойынша 181 орналастыру нысаны бойынша көрсетті. Ұсынылған қызметтердің көлемі 12,6%-ға өсті және 2596,7 млн.теңгені құрады, қызмет көрсетілетін келушілердің саны – 203,0 мың адам, елден шығушылар туризмі бойынша келушілердің саны – 14,3 мың адам, ішкі туризм – 188, 7 мың адам.

2014 жылы облыстың туристік мәртебесін жылжыту мақсатында облыстың туристік ұйымдарымен бірлесіп ҚР аймақтарында көрмесіне, және ондан тысқары: «Өзіңе және барлық әлем үшін Шығысты аш», «KITF-2014» Қазақстандық XIV халықаралық көрмесіне, «ҚР туристік саланы дамытудың келешектері», «Астана демалысы 2014» Қазақстандық XI халықаралық көрмесіне, Дубай қ. «АТМ 2014» халықаралық көрмесіне қатысты.

Бірлескен іс-шаралар өткізілді («Астана – менің елордамның Астанасы» жобасы аясында Жезқазған, Қаражал ққ. және Жәйрем кентінен балалардың жол жүруі; «Менің отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедицияның облыстық кезеңі, Ақтоғай ауданының Шабанбай би кентіндегі БАҚ және туроператроларының өкілдері үшін ақпараттық тур).

Ұлытау ауданында Қазақстандық географиялық қоғаммен ұйымдастырылған Кешендік экспедиция өтті, онда тарихшылар-архелогтар, сарапшы-географтар, биологтар, батаниктер, туризм жөніндегі мамандар, журналистер, сондай-ақ Қарағанды тарихи-географиялық «Авалон» қоғамы қызметкерлері қатысты. Аталған қоғам базасында 2014 жылы аталған қоғам базасында «Hotline» ыстық желісі құрылды, онда облыстың турситік объектілер және туристік инфрақұрылым объектілері туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының әкімшілік, кедендік, көші-қон және валюта ережелеріне, байланыстар, жұмыс кестесіне қатысты ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындалу мақсатында 2014 жылдың қарашасында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-мен Қарағанды облысының әкімдігінің арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қарағанды Экомұражай» ҚБ, «Авалон» тарихи-географиялық қоғамдығымен және «Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі» ММ бірлесіп экологиялық туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Ақтоғай ауданында (Шабанбай би к.) жергілікті халықпен жұмыс жүргізілді, 7 қонақүй үйлері құрылды, онда Қазақстандық ассоциация туризмімен сертификат алды. Танымдық турөнімдер әзірленді: «Қазақ далаларының оазистері», «Қызыларай – биік және ескі» және Қызыларай тау-орман оазисінің жергілікті картасы.

Ұлытау ауданында 3 қонақ үйлері қызмет істейді. 2014 жылдың 11 тамызынан бастап 22 тамызы бойынша Қазақстан геграфиялық қоғамдығымен ұйымдастырылған Кешенді экспедиция. Экспедиция қорытындысы бойынша жергілікті елді мекендердің экономикалық және географиялық маңыздылығы туралы ақпарат құрастырылды, тау бағыттарына барлау жүргізілді, Әулие және Едіге тауларының басына шығу үшін альтернативтік бағыттар әзірленді, бар туристік тартымдылыққа арналған тарихи-мәдени нобъектілер суреттелді. Экотуризимді дамыту жөніндегі жұмыс аясында жақын кентердің тұрғындарына экотуризм жүйесін түсіндіру бойынша шығу семинарларын өткізу жоспарланды.

«БЖК-2020» және «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған» бағдарламалары аясында туристік инфрақұрылымды құру және кеңейтуге бағытталған жобаларға қолдау көрсетілді (Қарағанды қаласындағы «Метелица», Ұлытау ауданындағы «Нұрдәулет» және Шахтинск қ. қонақ үй кешендері, Приозерск қ. «Гранд Құрылыс» демалыс қоры).

Облыстың туристік мүмкіндіктері туралы ақпаратты www.visitkazakhstan.kz веб-сайтында орналастыру үшін тұрақты негізденегізде ұсынылады. Сондай-ақ туризм туралы ақпарат Қарағанды облысының www.karagandatour.kz туристік порталында және Қазақстан Республикасының туристік порталында www.kazakhstan.travel орналастырлды.



«Ішкі саясат» бөлімі бойынша 1 мақсат, 1 нысаналы индикатор және 1 көрсеткіш нәтижесі қарастырылды және қол жеткізіліді.

Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету» мақсатына 2014 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту арқылы, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар, семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігін бағалауға мониторинг жүргізу,әдістемелік әдебиет дайындау және басып шығару арқылы қол жеткізілді.

Қоғамдық-саяси үдерістерге тұрақты мониторинг жүргізіледі. Жылда тоқсан сайын облыстағы қоғамдық-саяси жағдай туралы социологиялық сауалнамалар жүргізіледі. 2014 жылы облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды жақсы деп сипаттауға болады. Мәселен, респонденттердің басым бөлігі (90,2%) облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды тыныш (61,0%) және сәтті (29,2%) деп бағалайды.

Әлеуметтік-еңбек дау-дамайларының алдын алу және болдырмау үшін, оның ішінде медиация институттарын қолдана отырып жүзеге асырды. Мемлекеттік органдар, өнеркәсіптік кәсіпорындар және кәсіподақтар қызметкерлеріне арналған Қазақстандық медиация орталығы (Алматы қ.) өкілдерінің қатысуымен үш облыстық семинар өткізілді.

Облыста саяси партиялардың 8 филиалдары, қоғамдық бірліктер мен қозғалыстар тіркелген.

Ішкі саясат саласындағы қызметтің маңызды бағыттарының бірі ардагерлер ұйымдарымен жұмыс болып табылады, мәселен, облыстық ардагерлер кеңесі 9 қалалық және аудандық филиалдардың қызметін үйлестіреді, олардың құрамында 717 бастауыш ардагерлер ұымы бар. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмысы басталды.

Әр түрлі әлеуметтік тақырыптар бойынша барлығы 5575 әлеуметтік бағыттағы жарнама нысаны орналастырылған. Оның ішінде ҚР Президентінің «Қазақстандық жол – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша 218 баннер орналастырылған. ҚР Президентінің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 2014 жылғы 11 қарашадағы Жолауы бойынша - 270 баннер орналастырылған.

«Жастар саясаты» бөлімі бойынша 1 мақсат, 2 нысаналы индикатор, 3 көрсеткіш нәтижесі қарастырылған.

Жалпы, 2014 жылға жоспарланған жастар саласындағы іс-шаралар жүзеге асырылған. Ведомствааралық және оқытушы семинарлар, студенттер фестивалі, көше билері, ауыл және жұмысшы жастардың форумы, конференциялар ұйымдастырылды және өткізілді. Облыс әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығы, ауыл кәсіпкерлері үшін гранттар табысталды, дискуссиялық үйірмелер қызметі ұйымдастырылды, КВН және т.б. ойындар. Ауыл аймақтардың 10 кәсіпкері 300 мың теңге көлемінде облыс әкімінің грантын алды. Балалар үйінің түлектерін әлеуметтік бейімдеу қызметі жалғастырылды.

2014 жылы «Жасыл ел» (1200 адам) жастар еңбек отрядында және студенттік құрылыс отрядында (2800) 4000 адам қызмет атқарды. Студенттік құрылыс отрядының сарбаздары әлеуметтік нысандардың құрылысына, тұрғын үй комуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыруға ат салысты.«Жасыл ел» сарбаздарының қатарында 1200 адам қызмет атқарды. Атқарылған жұмыстың көлемі 150 га жерді қамтыды. 9 мыңнан астам ағаш отырғызылды, экологиялық үгіттеу отряды және педагогикалық отряд құрылды. 5 ауқымды акция өткізілді.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп» бөлімі бойынша 3 мақсат, 8 нысаналы индикатор және 9 нәтиже көрсеткіші қарастырылған, оның 6 индикаторы және 9 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді. 2 нысаналы индикаторға, 1 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.

Облыста құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тиімді және жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша бағдарламалық құжаттар, олар қорғау құқық қорғау бағытында қоғамдық қалыптастыру желісін кеңейту бойынша, басқа адамның мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша, сондай-ақ тәртіпсіздік пен құқық қорғау «нолдік шыдамдылық» принципі бойынша әзірленді және іске асырылады.

Күн сайын облыстың аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау 156 жая жүру нарядтары және 118 авто патрулдер жүзеге асырады, олар криминогендік патрулдендіру бағыттарымен жабылады.

Қызметке күн сайын 500 астам ҚР Ұлттық әскери қызметкерлер гвардиясының шығуы қамтамасыз етілді.

Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге («ЖеделКүзет» ЖШС, «ЖеделСақшы» ЖШС, «Центурион» ЖШС) күзет қызметі субъектілері тартылады.

Ескерту сипатындағы қабылданған шаралар жалпы қылмысты тіркеуді 18,9% (28385-тен 23014) төмендетуге ықпал етеді, қоғамдық орындарда қылмыстарды тіркеу 1,1% (7121-ден 7046) және көшелерде – 14,5% (4318-ден 3691). Қарақшылық саны қысқартылды (-16,6%), тонаушылықтар (-22,7%), бөтен мүлікті ұрлау (-6,9%), бұзақылар (-9,1%), автокөлік құралдарын ұрлап кету (-22,2%).

Облыстың автожолдарында жол-көлік жағдайларының саны 10,3% қысқарады (1034-ден 927 дейін), сондай-ақ қайтыс болғандар саны – 16,0% (250-ден 2010 дейін) және ЖКЖ кезінде жараланғандар – 10,4% (1265-тен 1133). Республикалық маңызды автожолдарында апат жағдайы 15,6%-ға төмендеді.

Маскүнем жүргізушілердің айыбынан болған жол-көлік саны қысқартылды.

Қабылданған ескерту шараларының арқасында барлық мүдделі органдармен, басқармалармен, қызметтер және ОСЧС ұйымдарымен төтенше жағдайлар мен қылмыстардың, сондай-ақ ауыртаплығының саны төмендеді.

2014 жылы облыстың аумағында 2094 төтенше жағдайлар мен табиғи және техногендік сипатта 2094 тіркелді. Материалдық зиян 346,5 млн.теңгені құрады. 34 табиғи өрттер тіркелді.

2014 жылы облыста 773 ерікті өртке қарсы қалыптастырулар (ӨҚҚ) жалпы 11877 адам санымен саналды. Табиғи өрттерді ӨҚҚ күштерімен жою пайызы олардың жалпы сомасынан 63% -ды құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет