Аббревиатураны ашып жазу:
АҚ – Акционерлік қоғамы
ААЖ - Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
АӨК - Агроөнеркәсіптік кешен
ЖАО – Жергілік атқарушы органдар
ОМО – Орталық мемлекеттік органдар
ҚР ҚМ – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҚР ККМ - Қазақстан Республикасының Көлік-коммуникациялық министрлігі
ҚР ӘМ - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
«ҚОДСБ» ММ – Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы
«ҚО ОСӨСҚО» ШЖҚ КМК – Қарағанды облысы бойынша облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
«ҚОІСБ» – Қарағанды облысы бойынша ішкі саясат басқармасы
«ҚРДСМ МСЭҚК ҚО бойынша Департаменті» ММ – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті
«ҚР БҒМ ҚОБҚҚД» ММ – Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Қарағанды облысы бойынша балалар құқығын қорғау Департаменті
«НСЭДҚОФ» ММ – Нұра-Сарысу экология департаменті Қарағанды облыстық филиалы
«ҚО бойынша ҚАЖД» ММ – Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті
«ҚОМБ» ММ – Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«ҚОДШжСБ» ММ – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
ҚР МҚІСЖҚІА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі
ЖТҮҚ – Жеке тұрғын үй құрылысы
ЭҮӨШ -«Электрондық үкіметінің» өңірлік шлюзі
4. Қаржы қаражаттарын игеру
Қаржыландыру көзі
|
2014 жылдың жоспары, мың. теңге
|
2014 жылдың фактісі, мың. теңге
|
Пайдаланылмаудың себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Республикалық бюджет
|
60 946 691,0
|
59 128 998,1
|
97% - шығындардың азаюы республикалық бюджетті секвестрлеуге байланысты
|
Жергілікті бюджет
|
43 207 579,0
|
41 967 576,0
|
97,1% - шығындардың азаюы облыс бюджетті секвестрлеуге және мемлекеттік сатып алудағы үнемдеуге байланысты
|
Басқа қөздері
|
54 407 860,0
|
54 407 860,0
|
100%
|
Барлығы
|
158 562 130,0
|
155 504 434,1
|
98,1
|
5. Қарағанды облысының 2014-2015 жылдарға арналған 2014 жыл ішіндегі Даму бағдарламасын іске асыру туралы есепке талдамалық жазба хат
1. Талдау қорытындылары, іске асыру туарлы есепте келтірілген қажетті түсіндірмелер және ақпаратты жинақтау:
Бағдарламалық құжаттың реквизиттері: Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №358 сессиясының шешімімен Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілді.
Облыстық мәслихаттың XXXVII сессиясының 2011 жылғы 19 тамыздағы №423, облыстық мәслихаттың Х сессиясының 2012 жылғы 5 желтоқсандағы №108, облыстық мәслихаттың XXXI сессиясының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №356 шешімдерімен Бағдарламаға өзгерістер енгізілді.
ҚР ЭБЖМ 2014 жылғы 19 наурыздағы №85 бұйрығымен бекітілген жергілікті мемлекеттік органдар үшін Базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерінің нәтижелері қалыптастырылды. Бағдарламаның бөлімдері орталық мемлекеттік органдармен келісілді.
Бағдарлама бойынша жалпы 28 мақсаттар, 53 мақсатты индикаторлар, 133 нәтижелердің көрсеткіштері, оның ішінде 2014 жылға – 28 мақсаттар, 52 нысаналы индикаторлар, 131 нәтиже көрсеткіштері қарастырылды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша 43 нысаналы индикаторға (82,7%), 111 көрсеткіштердің нәтижелеріне (84,7%) қол жеткізілді. 9 нысаналы индикаторға (17,3%) және 20 көрсеткіштердің нәтижелеріне (15,3%), оның ішінде Базалық тізбе бойынша – 5 нысаналы индикаторлар және 4 нәтиженің көрсеткіштеріне қол жеткізілген жоқ.
Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарында 311 іс-шаралар, оның ішінде 2014 жылға 170,9 млрд.теңге сомасына 247 іс-шаралар қарастырылды, оның ішінде «Экономика» 1 бағыты бойынша 52 іс-шаралар қарастырылды, «Әлеуметтік сала» 2 бағыты бойынша – 134 іс-шаралар, «Инфрақұрылым» 3 бағыты бойынша – 19 іс-шаралар, «Ауылдық аумақтарды, экология және жер ресурстарын дамыту» 4 бағыты бойынша – 9 іс-шаралар, «Мемлекеттік қызметтер» 5 бағыты бойынша - 33 іс-шаралар қарастырылды. 247 іс-шарадан 243 қол жеткізілді, 4 іс-шара орындалған жоқ.
Бағдарламаның бағыттары бойынша талдау қорытындылары келесі үлгіде көрсетіледі;
«Экономика» 1 бағыты бойынша 12 нысаналы индикаторлар және 71 көрсеткіштердің нәтижелері қарастырылды, оның ішінде 9 индикаторға және 53 көрсеткіштің нәтижелеріне қол жеткізілді. 3 индикаторға және 16 көрсеткіштердің нәтижелеріне қол жеткізілген жоқ.
2 көрсеткіштің нәтижесі жоспарланған жоқ.
«Өңірлік макроэкономика» бөлімі бойынша 1 мақсат, 1 нысаналы индикатор және 3 көрсеткіштердің нәтижелері қарастырылды және қол жеткізілді.
2014 жылдың 9 айы ішінде Қарағанды облысының өндірістік өңірлік өнімін өндіру көлемі 2072,1 млрд.теңгені құрады немесе республиканың ЖІӨ-нен 8%. ЖӨӨ көлемі бойынша облыс республикада Астана (9,7%), Алматы (18,4%) және Атырау (11,2%).облыстарынан кейін 4 орынды алады.
Өнеркәсіп үлесіне тауар өндірісінің құрылымында облыстың ЖӨӨ 43,1% болады.
ЖӨӨ көлемін нақты өзгерту индексі 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 102,3%-ды құрайды.
2013 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың желтоқсанына сауда және қызметтерге тұтыну баға индексі 108% құрады – ҚР Үкіметімен жоспарланған коридор шегінде.
Номиналды ақша кірістердің (мөлшері) өсім қарқыны – 106,7%.
«Өнеркәсіп» бөлімі бойынша 2 мақсат, 5 нысаналы индикатор және 40 нәтиже көрсеткіштері қарастырылған, олардың 3 индикаторға және 29 нәтиже көрсеткішке қол жеткізілді. 2 нысаналы индикаторға, 10 нәтиже көрсеткішке қол жеткізілмеді.
2014 жылы облыс бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 411,4 млрд. теңгені құрайды, нақты индекс көлемі - 103,7%.
Тұрақты өсім тас көмірді (103,1%), темір кенін өндіру (118,7%), мыс (139,3%), темір кені (119,8%) концентратының өндірісі есебінен тау – кен өндіру өнеркәсібінде және карьер барлауда (112,7%), сонымен қатар мыс концентратынан мыс өндірісі есебінен байқалды (103,9%).
Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің индексі 96,2% құрайды.
Сонымен қатар металлургиялық өнеркәсіпте өндіріс (94,7%, оның ішінде қара – 112,7%, түсті – 78,2%). Өңдеуші өнеркәсіп құрылымында металлургиялық өнеркәсіп 70% алады.
Өзге металл өнімдері өндірісінің төмендеуі (93,9%), дайын метал бұйымдарының өндірісі (81,8%), резеңке және пластмассадан жасалған бұйымдардың өндірісі (70,8%) байқалды.
ЖӨӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесі 2014 жылғы қаңтар – қыркүйек айларында 27,9% (2014 жылға жоспар – 31,7%) жетті.
Жыл қорытындысы бойынша салада еңбек өнімділігі 0,4% төмендеді және бір жұмыспен қамтылғанға 82,5 мың долларды құрады (ҚР бойынша – 51,5 мың АҚШ доллар/адам, НКИ-99,2%).
Өсу қарқыны жеңіл (112,2%), химия (101,1%) және фармацевтикалық (12,7%) өнеркәсіпте, машина жасау (107%), металл құю (119,7%) саласында байқалды.
Өсім дайын тігін өнімдері, киімнен басқа (125%), өзге сырт киім, тоқылғаннан басқа (918,4%), аяқ – киім, спорт, қорғаныс және ортапедиялық аяқ- киімнен басқа (105,4%) өндірістерінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етіледі. Еңбек өнімділігі – бір жұмыспен қамтылғанға 8,1 мың АҚШ доллары, НКИ – 97,5%.
Химия саласында өсім кальци карбидішығарудың ұлғайуы есебімнен (НКИ-117,5%), тыңайтқыштары (122,7%). Еңбек өнімділігі - бір жұмыспен қамтылғанға 21,6 мың АҚШ долларын құрады, НКИ – 155,8%.
Фармацевтикалық сала өндірісінің индексі – 120,7% дәріні шығару есебінен (123,8%), еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 15,1 мың АҚШ доллары, НКИ – 93,2%.
Өзге металлдан жасалмаған минералдық өнімдердің өндірісінің индексі 2013 жылға 93,9% құрады, резеңке және пластмассадан жазалған бұйымдар – 70,8% деңгейінде болды. Өзге металл емес минералды өнім өндірісінің негізгі капиталына 5 млрд. теңге инветиция жасалды, НКИ – 40,5%7
Сала бойынша еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға - 55,4 мың АҚШ доллар деңгейінде құраған, НКИ – 84,8%.
Машина жасаудың АКИ 2013 жылға қарағанда 107% құрайды (о.і. компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі – 143,8%, электр жабдықтарының өндірісі – 103,2%, басқа санаттарға жатқызылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі - 100,7%, басқа көлік құралдарының өндірісі – 607,3%).
Саланың жалпы көлемінен шамамен 60% өнеркәсіптік сипаттағы қызметтерге жатады (машиналар және жабдықтар жөндеу және орнату).
Еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғанға 11,8 мың АҚШ доллары, НКИ – 109,1%.
2014 жылдың басында Индустриаландыру картасында облыстан 500 млрд. теңгеден артық сомаға 80 жоба болды және 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Республикалық карта жобаларынан 5989 жаңа жұмыс орнын құрумен 298 млрд. 516 млн.теңгеге 4 жоба.
2014 жылы Индустриаландыру картасына көкейтестендіру кезінде Инвестициялар және даму министрлігіне ұсынылған жобалардан 10 жоба келісілді және Картаға енгізілді, 6 жоба Картадан шығарылды.
Облыстан Индустриаландыру Картасына 83 инвестициялық жоба 9 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 395,6 млрд.теңгеге (оның ішінде – республикалық бюджет) енгізілді. Іске асырудан бастап 59 жоба іске қосылды (122 млрд.теңге), 4,5 жаңа жұмыс орны құрылды.
2014 жылы барлығы жалпы сомасы 44,3 млрд. теңгеге, 1184 жаңа жұмыс орындарын құрумен 10 жоба іске қосылды, солардың ішінде:
1. Абай ауданында «Топар жылыжайлары» ЖШС жеміс – көкөніс өнімдерін жыл бойы өсіру бойынша жоғары технологиялық жылыжай кешенін іске қосты. Жобаның жалпы құны 4 млрд. 11 млн. теңге, 110 жаңа жұмыс орны құрылды.
2. Ақтас кентінде «Карцемент» АҚ цементті құрғақ тәсілмен өндіру бойынша 5 желіні іске қосты. Құрылыс малазиялық компанияның өз есебіне жүргізілді. Жобаның құны 12 млрд, 300 млн. теңге, 115 жаңа жұмыс орны құрылды. Цементті құрғақ тәсілмен өндіру бойынша желінің өндірістік қуаттылығы жылына 1,5 млн.тонна цемент.
3. Арнайы экономикалық аймақ аумағында 2014 жылдың маусым айының соңында «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС компаниясы жылыстауды жедел қашықтықта бақылау (ЖҚБ) жүйесімен Қазақстанда мұнай құбырын төсеу үшін және жылыту үшін жоғары сапалы оқшауланған құбырлар өндірісі бойынша жобаны іске қосты. Жобаның құны 1,5 млрд. теңге, 50 жаңа жұмыс орны құрылды.
4. «Бемер Арматура» ЖШС АЭА аумағында Домалақ шүмек өндірісі бойынша зауыт құрылысы бойынша жобаны іске қосты. Жобаға инвестицияның жалпы сомасы 1 млрд. 50 млн. теңге, 40 жаңа жұмыс орындары құрылды.
5. 2014 жылғы 28 қарашада Жезқазған қаласында «Ұлытау-Флора» ӘКК «Көкөніс сақтау қоймасымен жылыжай шаруашылығын құру» жобасын іске қосылды. Жобаның құны 229,6 млн. теңге, 40 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жобалық қуаттылығы – жылына 182 тонна көкөніс, 1 тонна аскөк және 460 мың дана гүлді өсімдіктер, құндық мінде 105 млн. теңге. 1 мың тоннан сыйымдылығымен көкөніс қоймасының құрылысы салынған.
6. 2014 жылғы 10 желтоқсанда Жаңаарқа ауданында «Қайрат-2» ЖШС «Мал жемдеу алаңының құрылысын салу, сүт, ет өнімдерін ұйымдастырумен мал шаруашылығын дамыту және қымыз шығару» жобасын іске қосты. Жобаның жалпы құны 900 млн. теңге, 60 жаңа жұмыс орны құрылды;
7. 2014 жылғы 11 желтоқсанда Шахтинск қаласында ЖК Матюхин «Құрылыс материалдарының өндірісін кеңейту» жобасын іске қосты. Жобаның құны 580млн. теңге, 15 жаңа жұмыс орындары құрылды;
8. 2014 жылғы 25 желтоқсанда Елбасының қатысуымен Жалпыұлттық Телекөпір барысында Ақтоғай ауданында «АК Алтыналмас» АҚ-ның «Пустынное» тау – металлургиялық кәсіпорында жылына 2 млн. тонна кен өнімділігімен алтын айыру фабрикасы ретінде қайта құру және кеңейту» жобасы іске қосылды. Жобаның жалпы құны 21 млрд. 512 млн. теңге. Жобаны іске асыру ауылдық жерде 524 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
9. Саран қаласында «Геополимер» ЖШС-нің «Арнайы тағайындамадағы тұтқыр өндірісі» жобасы іске қосылды. Жобаның құны 1 млрд. 286 млн. теңге, 80 жаңа жұмыс орындары құрылды.
10. Қарағанды қаласында машина жасау саласында «Оптим Кран Қазақстан» БК ЖШС Көпірлі және төрт тағанды крандар өндірісі бойынша жобаны іске қосты. Жобаның құны 390 млн. теңге, 150 жаңа жұмыс орындарын құрылды.
Индустриаландыру картасының енгізілген жобаларымен 73,8 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді немесе жалпы өнеркәсіп өнімінен 5,2%.
Облыстың барлық 18 аймағы Индустриаландыру картасының жобасымен қамтылды.
2014 жылы өнеркәсіп өнімі көлемінің өсімі қосымша резервтерінің бірі болып Индустриаландыру картасынан тыс жаңа өнеркәсіп нысандарын іске енгізу табылады – жалпы өнеркәсіп көлемімен 12 жоба 1,7 млрд.теңгеге енгзілді, 212 жұмыс орны құрылды.
Тұрып қалған қуаттарды реанимациалау бойынша жұмыстар жалғасуда. 2012 жылдан бастап өз қызметін жаңартқан 6 кәсіпорындардан 2 реанимациаланды:
- («Тау-Кен Темір» ЖШС Қарағанды қ.) жылына 24,8 тонна жобалық қуаттылықпен металл кремний өндірісі.
- («Complete LTD» ЖШС филиалы «Саранская» БФ, Саран қ.) барит концентратының өндірісі.
2014 жылы «Сарыарқа» АЭА инфрақұрылымының құрылысы жалғасты (жалпы сметалық құны – 25,4 млрд.теңге).
«Сарыарқа» АЭА аумағында 2014 жылы «Бемер Арматура» ЖШС және «Изоплюс Центральная Азия» ЖШС 2 жобасы іске қосылды.
2014 жылдың 30 тамызында біздің облысымызға жұмыс іссапарында берілген Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін «Сарыарқа» АЭА қатысушыларын актуалдандыру жөнінде жұмыс жүргізіледі.
2014 жылдың 23 қазанда АЭА инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жандандыру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың, жүйеқұраушы кәсіпорындардың және облыстың тауар өндірушілерінің қатысуымен «Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту келешектері» форумы өткізілді.
Осы форум аясында «ТехноНИКОЛЬ», «КАЗАХВЗРЫВПРОМ» АҚ корпорациясы, "KazOtanGroup" ЖШС, «ЦеСИС-КZ» ЖШС сияқты АЭА әлеуетті қатысушыларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Кәсіпорындардың экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында облыста халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес, сапа жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2014 жылы Қарағанды облысы бойынша 683 кәсіпорын және ұйым 1084 менеджмент жүесін енгізген, соның ішінде ISO 9000 – 552 кәсіпорын, ISO 14000 – 343 кәсіпорын, ISO 22000 – 3 кәсіпорын, OHSAS 18000 – 186 кәсіпорын. Семинарлар мен форумдар өткізіледі. Сонымен қатар жыл сайын облыста «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік конкурс өткізіліп тұрады. Конкурс жеімпаздары «Алтын Сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйылығын алуға республикалық конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жер қойнауын пайдалану. 2014 жылдың қорытындылары бойынша Қарағанды облысында кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 66 келісім әрекет етеді.
2014 жылы 11 учаске мен кен орындары бойынша тікелей келіссөздер арқылы жер қойнауын пайдалану құқықтары берілген, келісім – шарт міндеттерінің орындалмауынан 4 келісім – шарт бұзылды.
Жазбаша рұқсатнама негізінде ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының, темір жолдардың және гидроқұрылымдардың құрылысын (қайта құру) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша 19 жазбаша рұқсатнама берілген.
Әлеуметтік жауапкершілік аясында жер қойнауын пайдаланушылармен халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларын жоғары оқу орындарын оқыту бойынша меморандумдар жасалды.
Сонымен қатар Елбасының тапсырмасына сәйкес конкурс негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мораторий алынды. Осыған орай кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс жарияланды.
Электр энергиясы. Электр энергиясын өндіруде төмендеу 1,1%-ға байқалды және 12,8 млрд. кВт*сағ-ты құрады. Төмендеу жұмыс істеп тұрған жабдықтың құрамын өзгертумен және трубинаның сомалық жүктемесін азайтумен байланысты болды.
Сонымен қатар, электрмен жабдықтау, газ, буды және ауа кодиционері саласында инвестицияларды 26,7%-ға ұлғайту байқалады және 40,5 млрд.теңгені құрайды, оның ішінде энергетика кәсіпорындарын жабдықтауды жаңғыртуға (оның ішінде Қарағанды облысы бойынша ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Қарағанды ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3, Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО, Шахтиск ЖЭО, ЖЭО-ПВС).
«Агроөнеркәсіптік кешен» бөлімі бойынша 1 мақсат, 1 нысаналы индикатор және 10 көрсеткіштердің нәтижелері қарастырылды, оның ішінде 8 көрсеткіштің нәтижесіне қол жеткізілді. Бір нысаналы индикаторға және 2 көрсеткішке қол жеткізілген жоқ.
2014 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 142,8 млрд.теңгені құрады (АКИ 99,4%). Ауа-райының жағдайларына байланысты нақты индекстің төмендеуі өсімдік шаруашылығы өнімінің шығуының азаюымен байланысты (55,1 млрд.теңге, АКИ-92,5%).
Астықты өндіру көлемі 650,8 мың тонаны құрайды (астық өнімділігі- 9,6 ц/га) – бұл 2013 жылдың деңгейінен 20,4%-ға немесе 166,7 мың тоннаға аз.
Мал шаруашылығы өнімін шығару 87,5 млрд. теңгені құрады немесе 104,8%.
Ет өндіріс – 4,5%-ға ұлғайды (122 мың тонна), сүт 3,7%-ға (383,5 мың тонна), жұмыртқа 10,9%-ға (614,9 мың дана).
Ірі қара мал басы 2,6%-ға ұлғайды (455 мың бас), оның ішінде сиыр – 6,2% (237,5 мың бас), қой мен ешкі – 3,3%-ға (1123,9 мың бас), жылқы 3,8%-ға (217,5 мың бас), шошқа – 9,4%-ға (91,1 мың бас), құс басы 12,4% (3533,9 мың бас).
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4571 бас сиыр және 195 бас бұқа-өндірушілер сатып алынды, 532 бас шетелдік селекциялық мал басы жеткізілді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту аясында 3 мыңнан астам бас ІҚМ асыл тұқымды төлі сатып алынды, 3 мың бас қой асыл тұқымды төлін, 478 бас жылқыны сатып алуға, селекциялық-асыл тұқымды жұмысты енгізуге және 76 мың бас ІҚМ өсіруге, 249 бас асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді ұстауға, асыл тұқымды тәуліктік 51080 бас балапандарды 2,5 млн.теңгеге сатып алынды.
Барлық асыл тұқымды ірі қара басы өсімі нәтижесінде мал басы жоспарға: ІҚМ – 0,1%, жылқы – 0,2%, қойлар – 0,1%, шошқалар – 0,8% құрайды.
Саланы әртараптандыру аясында 43 шаруашылық субсидиялаумен қамтылған 3000,4 тонна элиталық тұқымды сатып алды, оның ішінде 2233 тонна бидай тұқымы, 639,4 тонна арпа, 8 тонна көп жылдық шөтер мен 120 тонна картоаты сатып алды.
Зиянды организмдермен күрес жөніндегі іс-шаралар 42,5 мың га. алаңында 87 шаруашылықтармен өткізілді.
Субсидиялаумен 26,7 га алаңымен топырақтағы көкөністер сатып алынды («Топар жылыжайы» ЖШС – 23,7 га, «Green Technology» - 2,7 га, ЖК Акбердиев – 0,3га.).
Ауыл шаруашылық дақылдарын 452,8 мың гектарға егістік өңделді, 440,5 мың литр гирбицидтер сатып алынды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 21,2%-ға артық немесе 77,1 мың литрге.
Ылғал жинақтаушы технология 471,1 мың га алаңына енгізілді немесе астық дақылдарынан жалпы алаңынан 67,2% құрайды. Тамшылап суаруды қолдану алаңы 476,5 га құрайды қарсы 2013 жылы 230га.
Агробизнес 2020 бағдарламасы аясында инвестициялық субсидиялаумен 134 жоба қамтылды (724 млн.теңге), оның ішінде мал шаруашылығы саласында – 116 шаруашылық, өсімдік шаруашылығы саласында – 12 шаруашылық, қайта өңдеу саласында – 6 кәсіпорын.
Ауыл шаруашылығында барлығы 11,9 млрд. теңге инвестиция негізгі капиталға жіберілді, бұл өткен жылдан 2,6 есеге көп. Инветицияны қаржыландыру көзі кәсіпорынның меншікті қаражаты – 91,5% болып қалады.
Салымның негізгі бөлігі маусымдық дақылдарды өсіруге жіберілді – 83,4%.
«Шағын және орта бизнес, сауда» бөлімі бойынша қарастырылған 2 мақсат, 2 нысаналы индекаторлар мен 2 нәтиже көрсеткіштерге жетті.
2015 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілер саны 65 184 бірлікті (немесе 2013 жылға 102% ) құрады.
2014 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 228604 адамды (101,3%) құрады, шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен шығарылған өнімі – 461,1 млрд.теңгені ( 92,2%) құрады.
9 айдағы ЖАӨ ШОБ үлесі 22,2% құрады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2014 жылы 12,5 млрд.теңге сомасына 120 жоба мақұлданды.
Олардан:
- банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 9,3 млрд.теңге сомасына 81 жоба мақұлданды;
- банк несиелерін бөлшекті кепілдеуге 742,3 млн.теңге сомасына 25 жоба мақұлданды;
- инфрақұрылымды жүргізуге 2,5 млрд.теңге сомасына 5 жоба мақұлданды;
- гранттық қаржыландыруға 24,0 млн.теңгеге 9 жоба.
Нәтижесінде кәсіпорындарда 39,5 мың жұмыс орындары сақталды және 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды.
Қаржылық емес қолдау құралы аясында облыс бойынша 11631 кәсіпкер қамтылды, сонымен қатар 2014 жылы 2579 кәсіпкер:
- шағын бизнестің 714 кәсіпорыны бизнесті жүргізу бойынша сервистік қызмет алды (басқарудың заманауи модельдерін енгізу);
- «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша 43 кәсіпкер оқытылды;
- Назарбаев Университетінде топ-менеджментке оқыту жобасы бойынша 26 кәсіпкер оқытылды;
- «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 1796 адам оқытылды.
Рұқсаттық процедуралар мен құжаттарды оңтайландыру бойынша өткізілетін жұмыстар аясында облыстың туризм саласында және «Бизнестің жол картасы 2020» және «2012-2020 жылдарға моноқалаларды дамыту» бағдарламаларында 8 мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді. Барлығы 2014 жылы 116 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бөлшекті сауданың көлемі 582,6 млрд.теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 6,7% өсті.
Бөлшекті тауар айналымының көлемі бойынша Қарағанды облысы республикада Алматы, Астана қ.қ. кейін үшінші орынды алып отыр. 2014 жылы республикалық көлемде облыстың тауар айналымының үлесі - 9%.
Тауар айналымының негізгі көлемін базарда сататын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олармен 346,8 млрд. теңге сомасына тауарлар жүзеге асырылды (бөлшекті сауданың жалпы көлемінен 59,5% ), оның ішінде базарларда жүзеге асыру көлемі 105,2 млрд. теңгені құрады.
2014 жылы 2,3 млрд.теңге инвестиция сомасына 75 жаңа сауда нысандары іске қосылды. 2014 жылы POS-терминалдар саны 1 214 бірлікке өсті және 4765 құрады.
«Инновация және инвестиция» бөлімі бойынша 1 мақсат, 3 нысаналы индикатор және 15 нәтиженің көрсеткіштері қарастырлды, оның ішінде 3 индикатор және 11 нәтиженің көрсеткіштеріне қол жеткізілді. 4 нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.
2014 жылдың қорытындылары бойынша негізгі капиталдағы инвестициялардың көлемі 411,9 млрд.теңгені құрайды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96,6%. Негізгі капиталға салынған жалпы көлемдегі шетелдік инвестицияның үлесі - 2%.
Негізгі капиталға инвестициялардың маңызды бөлігі меншіктің жеке формасындағы кәсіпорындармен игерілді (66%).
Салымдардың ең үлкен көлемі өнеркәсіпке (53,6%), көлікке және қоймалауға (28%) шоғырланған. Экономикалық қызметтің басқа қызметтеріне негізгі капиталдағы жалпы көлем инвестицясынан 0,1%-дан 9,9%-ға дейін келеді.
2014 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптегі инвестициялардың көлемі 220,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,5%-ға артық, оның ішінде шетелдік инвестициялар 7,9 млрд. теңге (жоспарға 50,3%).
Өнеркәсіпке және соның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке инвестиция көлемінің төмендеуі «Қазамыс корпорациясы» ЖШС, «АрселорМитталТеміртау» АҚ, «Жайремский ГОК» АҚ сияқты жүйеқұрушы кәсіпорындардың көрсеткіштерімен байланысты.
Облыстың жүйеқұраушы кәсіпорындары 2014 жылдың 9 айы ішінде 326,5 млрд. теңге сомасына сатып алулар жүргізілді, қазақстандық мазмұндағы тауарлар, жұмыс және қызметтер 202,4 млрд.теңгені құрайды немесе 62,0%, оның ішінде:
-тауарлар бойынша – 115,1 млрд.теңге немесе 48,8%;
-жұмыстар бойынша – 23,2 млрд.теңге немесе 94,0%;
- қызметтер бойынша – 64,0 млрд.теңге немесе 97,1%.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыру бойынша, қазақстандық мазмұнның жалпы үлесі 50,8 млрд.теңгеге ұлғайды.
2014 жылдың ішінде бір қатар жүйелік шара ұйымдастырылған болатын, бұл оң нәтижеге қол жеткізуге ықпал етті.
Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін жариялау мақсатында 12 әр түрлі конкурстар мен көрмелерге, оның ішінде өңіраралық және халықаралыққа өндірушілердің қатысуы ұйымдастырылды және ықпал көрсетілді.
Облыс өнеркәсібінің басымдықты салаларын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары өткізілді – дөңгелек үстелдер, кеңестер.
Тауар өндірушілердің тізлімі құрастырылды және ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыру үшін облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне, ұлттық компанияларға, кәсіпкерлік палатасына және еліміздің Кеден одағы аймақтарына қарастыру үшін жіберілді.
Аталған тізілім облыс әкімдігінің және өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының сайтында орналастырылған.
Қарағанды қаласында 2014 жылдың 23 қазанында ірі ұлттық компаниялар мен өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен («ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, «НАК «Казатомпром» АҚ, «КТЖ» ҰК» АҚ, «Kegoc» АҚ, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «Қазқхтелеком» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Корпорация Қазқхмыс» ЖШС, «Алюминий Қазақстана» АҚ, «Казцинк» ЖШС , Allur Auto, «Тенгизшевройл» ЖШС , Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В., Eurasian Resources Group S.a.r.l. компания топтары) Қарағанды облысының өнеркәсіп басымдығын дамыту келешектері – Республикалық Форум өтті.
Форум аясында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Абу-Даби Плаза» жобасын құрылысының бас мердігерімен жергілікті мазмұнды дамытуда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жүйе құраушы кәсіпорындарымен өңірдің 41 тауар өндірушілерімен 13 млрд. 268,2 млн. теңге сомасына келісм шартқа қол қойылды.
Қарағанды қаласында 2014 жылдың 7 қарашасында «Астана ЭКСПО-2017» АҚ делегаттарының, оның ішінде Басқарма төрағасы Т.А.Ермегияевтың қатысумен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмені өткізу және дайындық жүргізу аясында облыстың әлеуеті туралы кеңес өтті.
Кеңес аясында «Астана ЭКСПО-2017» АҚ 43 облыстың кәсіпорындарының қатысуымен құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көрмесі ұйымдастырылған болатын.
Сондай-ақ, кеңес аясында Қарағанды облысы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, «ЭКСПО-2017» объектілерін салу бас мердігерлері және Қарағанды облысының тауар өндірушілері арасында келісімге қол қойылды.
Жүйе құраушы кәсіпорындардан басқа, облыстың 92 ірі кәсіпорындарының мониторингі мониторингі жүргізілуде. 2014 жылдың 9 айы ішінде кәсіпорындардың деректерімен тауарлар, жұмыс және қызмет 75,2 млрд.теңгеге, оның ішінде отандық тауар өндірушілерде 63,6 млрд. теңгеге сатып алынды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыру бойынша ұлғайту 4,9%-ды құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |